Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда жақындары 18 жастағы қыздың өліміне қатысты ұсталған күдіктінің кінәлі екеніне сенбейді

Қостанайда аяусыз өлтірілген 18 жастағы Даша Махартованың жақындары тергеу ісіне күмәнмен қарайды.

Қостанайда жақындары 18 жастағы қыздың өліміне қатысты ұсталған күдіктінің кінәлі екеніне сенбейді

Олар полицияның нағыз қылмыскерді ұстағанына сенбейді, деп хабарлайды 31 арна.

Анасы мен әпкесі полицейлердің олармен байланысқа шықпай жатқанын айтты. Ал сараптама қыздың өлімінің нақты мерзімін де белгілемеген.

«Есі дұрыс адам бұлай істейді дегенге сенбеймін. Бұл адам емес, бұл айуан. Қылмыскер әдейілеп өлтірген. Маған ешқандай айғақ айтқан жоқ. Оның шалбары, киімі қайда? Дашаның спорттық киімі қайды? Көршілердің кішкентай қыздары бар. Бәрі күдіктінің ешбір қызға көз тастап қарамағанын айтады. Күдікті жай ғана араққа салынған адам. Ол достарымен ішімдік ішуі мүмкін, бірақ мынадай қылып адам өлтіре алмайды», – дейді анасы Ольга Покатаева.

Анасы қызынан айырған қылмыскердің өмір бойына бас бостандығынан айырылуын қалайды.

Бұған қатысты полициядағылар пікір білдірген жоқ. Тек тергеу жүріп жатқанын айтты. Қызға шабуыл жасалған сәтті куәгерлер көрген. Олар полиция шақырған. Полицейлер келгенімен жіті тексеру жүргізбеген. Қазір екі полицей тергеліп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, 18 жастағы Дарья Махартова 20 шілде күні сағат 22.00 шамасында үйінен шығып, қайтып оралмаған. Із-түзсіз жоғалып кеткен Затобол ауылы тұрғынының денесі Қостанай қаласының іргесіндегі орман алқабынан табылды. Кейінірек полицейлер қызды өлтірді деген күдіктінің фотороботын жасап шығарды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау