Қостанайда газ құбырының шұңқырынан өлі табылған ер адамға қатысты жаңа мәліметтер пайда болды

Қостанай облысы бойынша ІІД газ құбырының шұңқырынан өлі табылған ер адамға қатысты пікір білдірді. Оның өліміне қызғаныш себеп болған, деп хабарлайды Қостанай облысы бойынша ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Қостанайда газ құбырының шұңқырынан өлі табылған ер адамға қатысты жаңа мәліметтер пайда болды

«20 мамырда сағат 21:26-да «102» пультіне Қостанайдағы Текстильщик көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында белгісіз ер адамның екінші ер адамды пышақтағаны туралы қоңырау түсті. Шұғыл іздестіру шаралары барысында жасырынып қалмақ болған 48 жастағы жергілікті тұрған ұсталды. Ол бұрын сотты болған.

Анықталғандай, 19-20 мамыр күндері күдіктінің үйінде кәмелет жасқа толмаған ұлы демалып жатқан. Күдіктінің бұрынғы әйелі мен бірге тұрып жатқан күйеуінің ағасы баланы алып кету үшін келген», – дейді ІІД баспасөз қызметі.

Олардың араларында қызғаныш салдарынан ұрыс туып, осы кезде 48 жастағы ер адам 42 жастағы жәбірленуішіні өз пәтерінде пышақтаған. Мұнан кейін көшеде подъезд маңында тағы бір рет пышақтаған екен. Күдікті пышақ жарақатын алған ер адамның өліп бара жатқанын түсінгеннен кейін, бірден өз пәтеріне көтеріліп, терезеден секіріп кеткен. Артынша оны полиция қызметкерлері ұстап алды.

Қазіргі уақытта күдікті Рудныйдағы уақыта ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сараптама тағайындалды.

Оқи отырыңыз:

Баланы саясатқа айналдырмаңдар: Белгілі журналист абайлық 7 жасар баланың ісіне қатысты былықтың шетін ашты

Алматыда 5 жасар бала менингиттен қайтыс болды

Маңғыстау облысында 8 жасар баланы ұрлап кеткен күдікті қолға түсті

Қостанайда газ құбырының шұңқырынан 21 жастағы жігіттің денесі табылды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
16.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар