Алматыда 5 жасар бала менингиттен қайтыс болды

Алматыда 5 жасар бала менингит салдарынан қайтыс болды, деп хабарлайды қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне сілтеме жасап Stan.kz.

Алматыда 5 жасар бала менингиттен қайтыс болды

«Екі ересек адам мен балабақшаға барып жүрген 5 жасар баланың менингит салдарынан қайтыс болғаны тіркелді», – делінеді хабарламада.

21 мамырдағы жағдай бойынша, инфекциялық стационарларға менингит жұқтыру қаупі бар 47 адам жүгінген. Олардың 8-і балалар екен.

Департамент мәліметінше, бүгін 15 адамның менингитке шалдыққаны зертханалық тексеру барысында расталып, тіркеліп отыр. Тағы үш жағдайда клиникалық диагноз қойылған.

«19 мамырда 715 тұлға анықталды. Олардың 613-і тексерілді. Нәтижесінде менингококтық инфекцияны тасымалдаушы бір адам анықталды. Зертханалық зерттеудің басқа да қорытындыларына қатысты әзірге жұмыс жасалып жатыр», – делінеді хабарламада.

Сондай-ақ, қоғамдық денсаулық сақтау департаменті бұған дейін аталған дертке шалдыққандар 2013 және 2015 жылы көп тіркелегінін атап өтті.

«Аталған дерттің кезеңділігін ескере отырып, инфекцияның тіркелу жағдайының артуы күтілуде», – дейді ведомстводағылар.

Өткен аптада мессенджерлерде Алматыда менингит дерті тарап жатқаны туралы хабарлама таратылған еді. қалалық денсаулық сақтау басқармасы «тұрғындар арасында аурулар саны өскенін, бірақ оның жұқпалы емес екенін» мәлімдеді.

Оқи отырыңыз:

Маңғыстау облысында 8 жасар баланы ұрлап кеткен күдікті қолға түсті

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар