Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда екі бойжеткен ұры жігіттерді қолға түсіріп әріптесінің сөмкесін қайтарып берді

3 маусым күні Қостанайда Ольга Мухортова мен Наталья Жерло есімді екі бойжеткен ұрлыларды қолға түсірді.

5Qjr5Atbttg

Түсқағаздар дүкенінде сатушы болып жұмыс істейтін екі қызға әріптесі сөмкесінің жоғалғанын айтады. Сөмкеде ақшадан бөлек маңызды құжаттары болған. Қойма меңгерушісі Денис Тетерин камераға қарап отырып, ұрылардың түрін анықтайды. Кейіннен аумақты аралап жүріп, дәл сол адамдардың автобусқа мініп жатқанын көреді, деп жазады kstnews.kz.

Осы кезде екі қыз жолаушы секілді автобусқа мініп, күдіктілерден сөмкені қайтаруын сұрайды. Алайда ұрылар өзіне жала жауып тұрғанын, сөмкені ұрламағанын айтып бой бермейді. Жолаушылар полиция келгенше көлікті тоқтатуын сұрағанымен жүргізуші одан бас тартады. Ол көлікті уақыт бойынша жүргізу керектігін айтады. Жүргізуші тек артқы есікті құлыптап тастауға мүмкіндік берген. Бір аялдамадан жолаушы мінер кезде ұрылар көліктен сытылып шықпақ болады. Осы кезде бойжеткендер оған қарсы тұрып, қашуына жол бермейді. Соның салдарынан қыздардың денелерінде әлі де көгерген іздер бар.

Кейін автобусқа полицей келіп, ұрыларды ұстады. Күдіктілері бұрын сотталып, шартты мерзімге сотталған азаматтар болып шықты.

Полициядағылар бойжеткендердің ерлігіне тәнті болды. Қыздар істің оңай шешіліп, құрбысына көмектескендеріне қуанышты.

Тағы да оқыңыз:

Депутат: Қазақстан ипотекалық компаниясының салақтығынан мыңдаған адам баспанасыз қалды

ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде Американың ковбойлары көкпар тартады

Алматы облысында көршісі 5 балалы мүгедек әйелді ұрып-соғып зорлап кеткен

Талқылау