Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутат: Қазақстан ипотекалық компаниясының салақтығынан мыңдаған адам баспанасыз қалды

Қазақстан ипотекалық компаниясының салдыр-салақтығынан мыңдаған адам уақытында  тұрғын үй кілтін ала алмады, деді бүгін  Мәжілістің жалпы отырысында депутат Шаймардан Нұрымов.

dvor1

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Депутаттың айтуынша, 2016 жылы Қазақстан ипотекалық компаниясы 15 миллиард теңгеге жуық қаржыны игермеген.  “Бұл жалдамалы баспананың құрылысына бөлінген 19 миллиард теңгенің 85 пайызы. Яғни, 4 миллиард теңгеге ғана тұрғын үй салынған. Мемлекеттік сатып алулардың өткізілмеуі себеп ретінде көрсетілген.  Ал 2015 жылы бұл компания 25,4 миллиард теңге игермеген. Яғни, «ауру» созылмалы болып кеткен”, — деді Нұрымов.

Есеп комитетінің мәліметіне сүйенсек, Қазақстан ипотекалық компаниясы өткен жылы жалпы аумағы 176 мың шаршы метр жалдамалы үйді  пайдалануға бермеген. Депутаттың айтуынша, осылайша компанияның салдыр-салақтығынан мыңдаған адам уақытында баспана кілтін ала алмады.  “Егер қазір баспана кезегінде жүздеген адам тұрғанын ескерсек, соның ішінде 150 мың әлеуметтік әлжуаз адам, бұл мәселе үлкен қоғамдық мәнге ие болады. Осыған орай мәселені шешу үшін “Бәйтерек” холдингінің басшылығы қандай шаралар қолданып жатыр? Мүмкін операторды ауыстыру керек шығар?”, — деп сұрады депутат холдинг басшысы Ерболат Досаевтан.

Досаевтың сөзінше, 2016 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан ипотекалық компаниясы 328 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырған. Осылайша,  жоспар асыра орындалған. Ал есеп комитетінің есебіндегі игерілмеген қаражат туралы мәліметті былай түсіндірді:  “Есеп комитетінің есебі бойынша біз есеп бердік. Мемлекеттік аудит 2014 жыл мен 2016 жылдың бірінші жартыжылдығы аралығында жүргізілді. Сондықтан статистика 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша нақты емес. Жалдамалы баспанаға қатысты бұл соңғы мәселелер болады. Өйткені 2017 жылдан бастап “Нұрлы жер” бағдарламасын жүзеге асырамыз. Оған сәйкес енді бізде жалдамалы тұрғын үй қарастырылмаған. Биылғы жылы қалған қаражатты игеріп, жұмысты соңына жеткіземіз”.

Тағы да оқыңыз:

ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде Американың ковбойлары көкпар тартады

Джеки Чан мен Димаш сахнада ән шырқады

Алматы облысында көршісі 5 балалы мүгедек әйелді ұрып-соғып зорлап кеткен

Талқылау