Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда бес балалы отбасы бір айдан бері өртеніп түгі қалмаған үйде тұрып жатыр

Қостанайда бес баласы бар отбасы өртеніп кеткен үйде тұрып жатыр. Оқыс оқиғадан кейін олар ешқайда көшіп кете алмаған.

00159mts_snapshot_0002_20170629_1756413

Бұл туралы alau.kz хабарлайды.

Комаров көшесінде тұратын отбасындағы бес баланың ең кішісі егіз қыздар небәрі 9 айлық. Ал үлкен ұлы 9-да. Олармен бірге әжелері де тұрады. Өрт кезінде аздаған балалар киімдерін алып үлгеріпті. Өрт үйдің қабырғаларын құлатып, терезелерін де тып-типыл етіпті. Осындай жағдайда олар бір айдан бері өмір сүріп келе жатыр. Ал бұл үйдің өзі оларға емес, алыс туыстарына тиесілі баспана екен.

13-2-681x511

Өрт 16 мамыр күні болған.

“Анасы егіз қыздармен үйде, ал балалар аулада ойнап жүрген. Сол кезде ең үлкен ұл өрт шығып жатқанын айтты”, – дейді әжесі Анастасия Гетманская. Ал өртке оранған үйден егіздерді сол маңға жақын жерде жұмыс істеген электриктер алып шығыпты.

12-1-1

Бұдан кейін іле-шала еріктілер отбасыға арнап қаржы жинауға кіріскен. Алайда қазір жиналған қаражат олардың басқа баспанаға орналасуына жеткіліксіз. Сонымен қатар, балалардың анасы онкологиямен ауырады.

6-2-681x511

Қаржы жинау әлі жалғасып жатыр. Атсалысамын деушілер болса мына нөмірге хабарласса болады: 8 771 429 71 42.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбеде жігіттерді әскерге жіберу үшін пара алған полковник ауыр жазадан оңай сытылып кетті

Маскүнем дәрігерлерге ем-домды қалай дұрыс жүргізу керектігін түсіндірді

Жаңаөзенде балабақшадағы былықты видеоға түсірген тәрбиеші жұмыстан қуылды

Күйеуі белдікпен сабаған жүкті әйел төркініне қайтуға ұялып жүр

Талқылау