Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда балық аулап келе жатқан мұғалім досымен бірге жол апатынан мерт болып, балалар зардап шекті (видео)

Қостанай облысының Денисов ауданының тұрғындары ауыр жол апатына ұшырады. Салдарынан көлікте болған ересектер көз жұмып, балалар түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

тқан мұғалім досымен бірге жол апатынан мерт болып, балалар зардап шекті (видео)

Қазіргі уақытта көлікте болған 10 жасар ұл балалардың өмірі үшін облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері күресіп жатыр, деп хабарлайды «Алау» порталына сілтеме жасап Stan.kz.

«Бір бала бас сүйек-мидың жабық жарақатын алған және жағы сынған. Екінші бала жансақтау бөлімінде жатыр. Оның омыртқасы зақымдалған. Отаға дайындап жатыр», – дейді аурухананың бас дәрігері Игорь Белобржицкий.

Жол апаты 7 қаңтарда Қостанай-Қарабұтақ автожолының 155-шақырымында орын алған. Жүк көлігі жеңіл автокөлікке соғылып, күл-талқанын шығарыпты. Көлікте дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Дмитрий Филатов және досы екі ұлымен бірге болған. Апат салдарынан мұғалім мен досы көз жұмды.

Бүгінгі таңда ҚР ҚК 345-бабы 4-тармағына (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы салдарынан абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау