Қостанайда аулада тұрған көлік түгелдей жанып кетті
Қостанай облысының орталығындағы №8 ауданның ауласында тұрған көлік отқа оранып, түгелдей жанып кетті.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Әзірге өрттің неден пайда болғаны белгісіз. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, көлік сымдардың қысқа тұйықталуынан тұтануы мүмкін.
“Қаладағы 8-ші шағын аудан аулаларының бірінде Toyota RAV 4 көлігі жанып кетті. Болжам бойынша, жалын көліктің қозғалтқышынан шыққан. Өрт аумағы 8 шаршы метрге дейін жеткен. Зардап шеккендер жоқ”, – деді Қостанай қаласы төтенше жағдайлар басқармасының инженері Гүлнәр Жолбарысова.
Жіберіп алмаңыз:
Астанада өртенген пәтерден кейуананың мүрдесі табылды
Жамбылда екі жасар бүлдіршін құдыққа құлап ажал құшты
Қарағандыда студент қызды қағып өлтірген экс полицейге қатысты үкім шықты
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі