Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада өртенген пәтерден кейуананың мүрдесі табылды

Астанада пәтер өртеніп, 68 жастағы кейуана көз жұмды.

Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, Бейбітшілік көшесі бойындағы 5 қабатты тұрғын үйдегі пәтердің өртеніп жатқандығы туралы ақпарат сағат 9-27-де түскен. Өрт сөндірушілер 25 минуттың ішінде қызыл жалынды ауыздықтаған. Тілсіз жау 50 шаршы метр аумақты шарпып үлгерген.

“Өкінішке орай өрт орнынан 1939 жылы дүниеге келген әйелдің мүрдесі табылды.  Сонымен қатар түтінденуі деңгейінің жоғары болуы салдарынан иіс тию қаупі де болды. Көрші пәтерден 2014 жылы дүниеге келген бала құтқарылды”, – делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге 5 техника мен 20 өрт сөндіруші жұмылдырылды. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.


Жіберіп алмаңыз:

Жамбылда екі жасар бүлдіршін құдыққа құлап ажал құшты

Қарағандыда студент қызды қағып өлтірген экс полицейге қатысты үкім шықты

Қостанайлықтарды қорқытқан нысанның не екені белгілі болды

Депутат Түркияда жапа шеккен қазақстандықтарға көмек көрсетуді талап етті

Талқылау