Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай соты пәтерінен шығару жөнінде әкімдік арызданған ардагердің құқын қорғады

Қостанай қалалық соты Қостанай қаласы әкімінің 94 жастағы қарияны мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана ұсынбай Қостанайдағы пәтерден шығару туралы шағымы бойынша азаматтық істі қарады.

12778990

Фото: РИА Новости/Владимир Федоренко

Іс материалдары бойынша, 2015 жылы жауапкер мен әкімдік арасында келісім шарт жасалып, Герцен көшесінен 1 бөлмелі пәтер жалға берілген.

Сот отырысы барысында анықталғандай, жауапкердің қызы 2016 жылдың наурыз айында әкесі науқастанып Астанада емделіп жатқанда,  емделуге қаражат керек болғандықтан  пәтерді екі ай мерзімге жалға берген. Алайда бұл туралы ардагер білмеген. Қазіргі уақытта Ұлы Отан соғысының ардагері аталған пәтерде тұрып жатыр.

ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңының 68-бабының 1 бөлігіне сәйкес, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жатады.

Сот жауапкердің ұлғайған жасы (1922 жылы туған) мен оның Ұлы Отан соғысының ардагер екендігін ескерді. Сот шешімімен Қостанай қаласы әкімінің ардагерді үйден шығару туралы талап арызы қанағаттандырылмады.

Шешім заңды күшіне енген жоқ, деп хабарлайды Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметінен.

Жіберіп алмаңыз:

Семейде пәтер жалдаушы әйеліне көз салған иесін өлтіріп, үйді өртеп кашпақшы болған

Алматылық азамат студент қыздарға пәтерін төсек қатынасы үшін жалға береді

Шымкентте жалдамалы пәтер иелері полицейлермен төбелесті (видео)

Талқылау