Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында полиция бөлімшесінің ғимаратына оқ жаудырған күдікті ұсталды

Полиция қызметкерлерінің шұғыл іздестіру шараларының барысында Қостанай облысының Меңдіқара аудандық полиция бөлімшесінің ғимаратына оқ атқан адамның тұлғасы анықталып, қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

Қостанай облысында полиция бөлімшесінің ғимаратына оқ жаудырған күдікті ұсталды

Белгілі болғандай, Меңдіқара аудандық полиция бөлімшесіне оқ атқан 35 жастағы аудан тұрғын болып шықты.

«Ол бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде полиция қызметкерлерін кемсітіп, оларға бағынбағаны да бар. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – дейді облыстық ІІД қылмыстық полиция басқармасының басшының орынбасары, полиция подполковнигі Ерлан Рахымов.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 380-бабы 1-тармағы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.  Аталған бапқа сәйкес, күдікті 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске сала кетсек, 16 қазанда Қостанай облысының Меңдіқара ауданында аудандық ішкі істер бөлімінің ғимаратына қара түсті көлік мінген белгісіз біреу оқ жаудырған еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау