Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында ер адам ДНҚ сараптамасынан кейін алимент төлеуге мәжбүр болды

Лисаков қаласының тұрғыны сотқа 21 жастағы ер адамның үстінен арыз түсірген. Әйел бір жасар қызының әкесіне алимент төлету үшін арызданған.

1477356003-640x363

Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.

Қыз жас жігітпен 2015 жылдың жазында кездескен. Сосын 2016 жылдың наурыз айында ол қыз босанады. Ал әкесі болса баласын мойындаудан бас тартқан. Ешқандай материалдық көмек бермегендіктен де, әйел сотқа шағымданған.

Қыздың биологиялық әкесі екенін анықтау үшін, тараптар өзара келісіммен ДНҚ сараптамадан өтіп, ол 100 пайыз әкесі екенін дәлелдейді. Нәтижесінде қалалық сот әйелдің өтінішін қанағаттандырып, ер адамды алимент төлеуге міндеттеген.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандық бизнесмен 13 жастағы ұлына жол талғамайтын көлікті тізгіндеуге рұқсатын берген (фото, видео)

Сара Назарбаеваның ауылындағы жалғыз мектеп бүгін-ертең құлап қалуы мүмкін

Астанада бойжеткен ішімдік алып бермеген ер адамды өлімші етіп ұрып тастады

Еліміздің оңтүстігінен солтүстікке қоныс аударатын тұрғындарға қандай жеңілдіктер қарастырылған?

Талқылау