Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында бойжеткен 16 жыл бойы құжатсыз өмір сүрген

Қостанай облысында қыз 16 жыл бойы құжатсыз өмір сүріп келген. Жақында қалалық сот жасөспірімнің туу туралы фактісін заңдық тұрғыдан растады.

Бұл туралы BNews.kz жазады.

16 жастағы жасөспірімнің туу туралы куәлігі болмаған. Қыздың анасы оны үйде босанған. Туғаннан кейін құжат сұрап ешқандай мекемеге бармаған. Содан бастап қыз бала еш құжатсыз өмір сүріпті.

“Қыз қазір мектепте оқиды, оны тәтесі тәрбиелейді. Қазіргі кезде қыздың анасының қайда екені белгісіз”, – деп хабарлады сот.

Сот шешімімен 2000 жылдың 23 желтоқсаны қыздың туған күні ретінде бекітіліп, заңдық тұрғыдан расталды.

Тағы да оқыңыз:

Әкемнің орнында болсам, мен де ажырасар едім: Мұхтар Тайжан жеке өмірі мен отбасы жайлы алғаш рет ашық айтты

Энергетика министрі: Менің тағдырым президенттің қолында

Енді мемлекет пәтерақы мен коммуналды қызмет ақысын төлеуге көмектеседі

Қызылордада 20 жыл мектеп директоры болған азамат мал ұрлап істі болса да ұстаздығын жалғастыруда

Талқылау