Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында 60-қа таяған ер адам 11-12 жасар қыздарды азғындыққа итермелеген

Қостанай облысының 59 жастағы тұрғынын балаларды азғындыққа итермелегені үшін соттайды, деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

20160917093833

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

1957 жылғы Қарабалық ауданының тұрғыны ҚР ҚК 124-бабы 1-бөлімі «Жас балаларды азғындық жолға түсіру. Көрінеу жас балаға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасау» бойынша айыпталуда. Санкцияда 4 жылға дейін бостандығын шектеу немесе 3-тен 5 жылға дейін бостандығынан айыру қарастырылған.

Сонымен қатар, оған ҚР ҚК 124-бабы 3-бөліміндегі «Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, бірнеше рет жасалған іс-әрекеттер» айыбы тағылды. Баптың санкциясында белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 10-нан 20 жылға дейін айыру немесе бұл жазасыз 7-ден 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Іс бойынша жапа шегушілер 11 және 12 жастағы қыздар.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандағы педофилдер көп кездесетін аймақтар анықталды

Америкалық қыз 15 жыл өткен соң өзін зорлаған педофилден кек алды

Педофилдерді “піштіру” жазасы 2018 жылдан бастап қолданылатын болды

Қазақстанда педофилдерге өлім жазасын кесуді сұрап миллионнан аса қол жиналды

72 жастағы педофил 9 жасар қызды ауладан пәтеріне алдап апарып зорлаған (видео)

Талқылау