Көшеде дәрет сындырған батысқазақстандық полицей жұмыстан қуылды
Тура балабақша жанында осындай әдепсіз әрекет жасаған тәртіп сақшысы бұнымен тоқтамаған екен. Ол күші жеткен жерге дейін барып, тура жол үстінде тәтті ұйқыға кетіпті. Жолы бөгелген жүргізуші оны оятып, осы сәтті таспаға түсіріп алған, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Кешеден бері осы екі бейнежазба әлеуметтік желілерде тез таралып үлгерді. Небәрі бір күнде 20 мыңнан астам желі қолданушысы көріп шыққан. Ал облыстық Ішкі істер департаментіндегілер жерде жатқан адамның Бөрілі аудандық жол-патрульдік полициясының сержанты екенін, тіпті оның мас болғанын растады. Бірақ олар тәртіпсіз тәртіп сақшысының аты-жөнін атаудан бас тартып отыр. Көшеде дәрет сындырып, кейін ұйықтап қалған полицеймен бірге басшылары да жазаға тартылды дейді департаменттегілер.
Жіберіп алмаңыз:
Ақтауда сарбаздардың өліміне кінәлі деп танылған 6 әскери ерте босап шықты
Ақтөбе имамдары ас беру кезінде жайылатын дастарханның жалпыға ортақ мәзірін бекітпек
Бірінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жан компьютер жөндеп, отбасын асырайды
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды