Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әскери шенінің жоғарылағанын тойлап арақ ішкен әйелдер видеосы үшін жазаланды

ҚР Қорғаныс министрлігі әскери киімде тұрып жоғарылаған шендерін арақ ішіп атап өткен әйелдерге қатысты видеоға пікір білдірді.

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілердің этикалық нормаларға сәйкес келмейтін әрекетін анықтады. Кінәлілерге қатысты қатаң тәртіптік шаралар қабылданды“, – делінген хабарламада.

Хабарламада мұндай жағдай алғаш рет тіркеліп тұрғаны жазыған.

“ҚР Қарулы Күштерінде мемлекеттік қызметтегі жоғары мәдениеттілікті қалыптастыруға және әскери қызметшілердің әдепке жат қылықтарының алдын алуға қатысты кешенді шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады», – делінген ведомства хабарламасында.

Бұған дейін, шенінің жоғарылағанын ащы сумен тойлаған полиция қызметкерлерінің әрекеті желіде тарап кеткен еді. Бейнежазбада өзін “Майор Асанова” деп таныстырған әйел бірінші болып 200 граммдық стақандағы “сұйықтықты” сіміріп салады.

Тағы оқыңыз:

Арқасы мен кеудесіне ине кіргізіп тастаған: Аружан Саин ОҚО-дағы қыз баланың адамшошырлық оқиғасын айтты

9 жасар қызды құмарын қандыру үшін пайдаланған: Алматы облысындағы жантүршігерлік оқиға

Талқылау