Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Корабльде істейтін ТМД-дағы жалғыз әйел «Батыр арулар» байқауына қатысады (фото)

21814 әскери бөлімі «Орал» зымыран-артиллериялық кораблі байланысы жауынгерлік бөлімінің технигі 1-статья старшинасы Жанар Ыбыраева қарулы күштерде 2011 жылдан бастап қызмет етуде. Ол жауынгерлік корабльде қызмет атқарып жүрген ТМД елдері арасында қарулы күштердегі бірден-бір әйел.

женщина

«Штабта құрлықта қызмет атқарып жүрген кезімде теңіз, корабльдерді, романтиканы аңсадым. Енді «Орал» зымыран-артиллериялық кораблінде қызмет атқарып жүрмін, байланысты орнатамын. Мен корабльдегі бірден-бір әйел әскери қызметшімін және ең басында қиындықтар болды. Экипаж менің қолымнан келмейді, алып кете алмайды және еңіреп жылайды деп ойлады.  Алайда, мен нағыз лайықты әскери қызметші болып табылатынымды дәлелдей алдым. Біз екі аптаға жауынгерлік кезекшілікке ашық теңізге шығамыз. Өткен жылы бір айға Махачкалаға байқауға аттандық.  Корабльдің өзге орындардан күрделі айырмашылығы ашық теңіздің болуы болып табылады. Дауыл, теңіз ауруының белгілері болуы ықтимал. Бірақ, мен бұның барлығына әдеттеніп қалдым және кәсіп таңдауда ешқандай күмәнім жоқ», – дейді 1-статья старшинасы Жанар Ыбыраева.

женщина1

Одан басқа, Жанар «ҚР ҚК-не 20 жыл» және «ҚР ҚК ӘТК-ге 20 жыл» медальдарының иегері және корабльдеріміздің әскери қызметшілері 2-орын алған «Каспий теңізі – 2015» теңіз биатлоны бойынша халықаралық сайыстардың жеңімпазы болып табылады.

женщина5

Биылғы жылы Жанар ҚР Қорғаныс министрлігінің мұрындық болуымен өткізіліп жатқан «Батыр арулар» байқауына қатысуды ұйғарды. «Өз үлгі-өнегеммен қыздарға армияда, Әскери-теңіз күштерінде қызмет етуге рухтандырып,  қанат бітіретін шығармын.  Адамдар әскери қызметші болу абыройлы әрі беделді екеніне көз жеткізеді», – дейді ол.

женщина4

Еліміздің Қарулы Күштерінде әйел әскери қызметшілер арасында екінші «Батыр арулар» республикалық байқауы бастау алғанын естеріңізге сала кетейік.   25 наурызға дейін ниет білдіргендер сауалнаманы толтыруы тиіс. Онда өзі және ҚР Қарулы Күштерінің қатарындағы әскери қызметі туралы әңгімелеп беруі абзал. Екінші кезеңде 2016 жылғы сәуірдің 1-і мен маусымның 15-і аралығында өтетін дауыс беру арқылы қазақстандық армияның жиырма үздік өкілі  анықталады.

женщина3

женщина2

Бұған дейін Қазақстан армиясында “Батыр арулар” байқауы екінші мәрте өткізілгелі жатқанын қайталаған болатынбыз.

 

 

 

Талқылау