Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кондитерлер жануарлар бейнесіндегі тәтті торттар жасап шығарды (фото)

Ұлыбританияда кондитерлік компания тұқымы азайып жоғалу алдында тұрған жабайы жануарлардың құрметіне солардың бейнесіндегі торттарды жасады.

1468232741_konditery-ispekli-torty-s-figurami-zhivotnyh-dlya-zaschity-ischezayuschih-vidov-1

Бұл туралы nz1.ru хабарлайды.

37 жастағы бас аспаз Зоя Фокс осы таңқалдырарлық торттарды жасау процесін толықтай қадағалаған. Тек бір барыстың өзін жасауға 300 сағат уақыт кетіпті. Бұл уақытта Фокстың әріптестері басқа жануар мен құс бейнесіндегі тәттілерді жасаумен айналысқан.

Бұл акцияны кондитерлер жалпы қоғам назарын жоғалып бара жатқан жануарларға аудару үшін жасап отыр.

“Біздің жұмысымыз өз пайдасын тигізеді деп ойлаймын. Қоғам әлі табиғатқа деген махаббатын жоғалтқан жоқ. Бірақ, адамдар өзіміз өмір сүріп жатқан қоршаған ортаны қорғау мәселесін үнемі естен шығармауы керек”, – деді Зоя Фокс.

1468232733_konditery-ispekli-torty-s-figurami-zhivotnyh-dlya-zaschity-ischezayuschih-vidov-4

1468232753_konditery-ispekli-torty-s-figurami-zhivotnyh-dlya-zaschity-ischezayuschih-vidov-7

1468232779_konditery-ispekli-torty-s-figurami-zhivotnyh-dlya-zaschity-ischezayuschih-vidov-2

1468232798_konditery-ispekli-torty-s-figurami-zhivotnyh-dlya-zaschity-ischezayuschih-vidov-5

1468232816_konditery-ispekli-torty-s-figurami-zhivotnyh-dlya-zaschity-ischezayuschih-vidov-3

Талқылау