Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыз қорқытқан жігітінен ғажайып түрде құтқарылды (видео)

АҚШ-та қыз ветеринарлық емхананың қызметкерлеріне берген құрқаруды өтінген хаттың арқасында оны ұрып-соққан жігітінен құтылды.

Бұл оқиға мамыр айында болғанымен, видеосы енді тарап жатыр. Аталған роликте 28 жастағы Кэролайн Реичл жігіті және итімен бірге келген ветеринарлық емхананың администраторына хат берген. «Полицияға хабарласыңыздар. Менің жігітім мені қорқытады. Өтініш, ол білмесін», – деп жазған ол.

Ол қасынан кеткен соң, емхана қызметшісі хатты әріптесіне көрсетіп, полицейлерді шақырған.

Қыздың 39 жастағы жігітін кезекте тұрған жерінен қамауға алған. Қызды көзінің асты көгерген түрімен, басы мен қолының жарақатымен ауруханаға жеткізген.

Кейіннен американдықты ұрып, суық қарумен қорқытқаны, заңсыз қамауда ұстағаны үшін соттаған. Сонымен қатар, о қызды бірнеше күн бойы соққыға жығып, итін емханаға көрсетейік деп өтініш білдірмейінше үйде қамауда ұстаған. Оны жалғыз жібермей, суық қаруын өзімен бірге алып шыққан, жолда қызды және оның отбасы мүшелерін өлтіремін деп қорқытқан.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау