“Командир такси” басшысы шабуыл кезінде көлік жүргізушінің неліктен Есентаеваға көмектеспегенін айтты

Бейсенбі, 8 Қыркүйек , 2016 18:03

Баян Есентаеваны күйеуі шабуыл жасаған кезде оқиғаға куәгер болған такси жүргізушісінің әрекетіне байланысты “Командир такси” директоры Максим Сәрсенов пікір білдірді.

f8101b8f-b114-4c3d-add9-4eb627cb0e74

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Баян Есентаева 10 маусым күні әуежайдан түскеннен кейін такси қызметіне жүгінген. Алайда таксиге кіріп келген күйеуі Бақытбек Есентаев бас сала шабуыл жасаған. Кейінірек ол Есентаеваны басқа көлікке алып кеткен.

“Командир такси” Баян Есентаеваға қатыс тергеу бойынша серіктестік жасауда. Иә, біз ол оқиға туралы білеміз. Және бұған біздің де жанымыз ауырады. Мен Баян Есентаеваны жеке танимын, оның адамдығын қатты құрметтеймін. Оған бұл қиындықтан тез шығып, мәнді өмір сүруін тілеймін. Мен қауіпсіздік қызметіне ІІД-ның алдында ашық болу керектігін тапсырдым. Бізге ІІД қызметкері келгеннен кейін мен оған барлық құжаттарды бердім. Шабуыл кезінде көлік жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтаған. Ал қалған ақпараттардың барлығы облыстық ІІД-де. Сот процесі болған кезде, барлығы сол кезде анық болады. Болған жағдайдан жүргізуші де қатты қорқып қалған. Мен оны білемін, ол адамды құрметтеймін”, – деді Сәрсенов.

Бұған дейін Баян Есентаеваның өзіне күйеуі тарапынан жасалған шабуылдан кейін алғаш рет берген сұхбаты жарияланған болатын.

Айта кетейік, Баян Есентаева 10 маусымда болған аты шулы оқиғаның қалай болғанын өз аузымен айтып берді. Маусымның 10-ы күні Баян Есентаеваны күйеуі соққыға жығып, үш жерінен пышақтаған болатын. Артынша продюсерге 3 сағат бойы ота жасалып,күйеуі Бақытбек Есентаев қамауға алынған. Қайғылы оқиға Талғар ауданын трассасында болған. Продюсер маусымның 19-ы күні ауруханадан шығарылды.

Оқи отырыңыз:

Баян Есентаева: Күйеуім мені ұрып жатты, мен одан балаларымызды ойлауды сұрадым

Баян Есентаева: Маған 5 метр жақындаған ер адамнан қатты қорқамын

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

7
Комментариев
  • Анонимно says:

    Алла шипасын берсін ! Әйелге қол көтерген еркектерді жек көрем.

  • Анонимно says:

    Негизи арам акша опа бермейди. Кайтседе желкеннен шыгарады….

  • Анонимно says:

    Значить таксист берген акпаратты айтпесе куйеуи дал сол жерге келгенин кайдан билипти. Жулдыз.

  • Анонимно says:

    Бірінші рет пышақ таксиде салынған деген.Тіпті қанша жерден күйеуі болса да соққыға жығып жатырғанның көргеннен кейін , таксис міндетті түрде құқық қорғау қызметкерлеріне хабар беруі тиіс, машинаның маркасын, номерін айтуы керек. Қанша жерден қорықсада ер адам емеспе .

  • Багдат says:

    Жаным сол, мен Баян Есентаеваны катты сыйлаймын, керемет жан мен ушын, Алла жар болсын

  • Анонимно says:

    Аелин сабайтын еркекти жек коремин

  • Анонимно says:

    Такси жургизушиси Есентаеваны тусирип алганнан кеин полицияга неге хабарламаган, окига ариге бармаган болар еди гой. Адамгершилик кайда болганы???

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар