Баян Есентаева: Маған 5 метр жақындаған ер адамнан қатты қорқамын

Бейсенбі, 8 Қыркүйек , 2016 10:51

Танымал продюсер Баян Есентаева күйеуінен зорлық-зомбылық көрген әйелдерді қорғау үшін қоғамдық қор құратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

Screenshot_2

Баян Есентаева арада үш ай өткеннен кейін ел алдына шығып, әріптесі Динара Сәтжанға сұхбат берді. Өзінің айтуынша, оның бұдан басқа амалы қалмаған.

«Дәл сол күн менің өмірімдегі ең ауыр күн. 10 маусым күні болған жағдай әлі көз алдымда. Ол қорқыныш мені әлі де аңдып тұрғандай. Мен әлі де күйзелісті бастан кешудемін. Тіпті, маған 5 метр жақындаған ер адамнан қатты қорқам. Маған оңайға соққан жоқ, әрине. Бірақ, мен мұның бәрін жеңу керек екенін білемін. Құдай менің бойыма ішкі күш, әйел күшін дарытты. Ештеңеге қарамастан, қалыпқа келіп, әрі қарай өмір сүруім керектігін жақсы түсінемін», – дейді Есентаева.

Продюсер әйел адамдардың қорқынышпен өмір сүріп, ерлерінен қорқуы – біздің қоғамдағы қалыпты нәрсе екендігін, алайда заң жүзінде бұл мәселемен ешкімнің айналыспайтынын айтып қынжылды.

«Жақын адамнан таяқ жеудің не екенін менен артық ешкім білмейтін шығар. Мен осындай жағдайға тап болған кезде, бірде бір әйелдер ұйымы хабарласқан жоқ, хал-жағдайымды да сұраған жоқ. Біздің еліміздегі әйелдер ассоциацияларының сиқы осындай. Меніңше, әйелдер құқығын қорғаумен айналысатын қоғамдық ұйым болуы тиіс», – деді Есентаева.

Продюсердің айтуынша, Қазақстан азаматшалары өз құқықтарын білмегендіктен де, ерлер қауымынан таяқ жеп, ешкімге айтпастан қорқынышпен өмір сүреді.

«Әйел баласына қолын көтерген еркектер тиісті жазасын ала алмай жүр, себебі әйелдер өз құқықтарын білмейді. Бұл нәрсемен ресми түрде күресу керек деп ойлаймын», – деп жалғады сөзін Баян Есентаева.

Сонымен қатар, Есентаева әйелдердің құқығына баса мән берілу үшін де осы жағдай ел алдында жүрген оның маңдайына жазылған шығар деп болжады.

«Мүмкін адамдардың дәл осы мәселеге бей жай қарамауы үшін де бұл жағдайға мен ұшыраған шығармын. Ерлердің тұрмыстық зорлығына ұшырап жүрген қаншама әйел бар? Олардың арасында менің таныстарым, достарым, өзің де білесің… Бірақ ешкім оларды қорғамайды. Ал менің басымнан өткен жағдай бүкіл елді шулатты», – деді танымал продюсер.

Айта кетейік, Баян Есентаева 10 маусымда болған аты шулы оқиғаның қалай болғанын өз аузымен айтып берді. Маусымның 10-ы күні Баян Есентаеваны күйеуі соққыға жығып, үш жерінен пышақтаған болатын. Артынша продюсерге 3 сағат бойы ота жасалып,күйеуі Бақытбек Есентаев қамауға алынған. Қайғылы оқиға Талғар ауданын трассасында болған. Продюсер маусымның 19-ы күні ауруханадан шығарылды.

Жіберіп алмаңыз:

Баян Есентаева күйеуінің казиноға құмарлығы жайында айтып берді

Баян Есентаева: Күйеуім мені ұрып жатты, мен одан балаларымызды ойлауды сұрадым

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

6
Комментариев
  • еееее says:

    Себебсизден себепсиз ура беретини кандай еркек. Уратындай улкен себеп болганба. Тан калам ищип алмаса шегип алмаса айелин олимищи етип согатын адам емес айуан гой. Кудай ау бауыры,согып жатканда кайда карап отыр екен

  • Нургуль says:

    Ия Баян ханым осындай уйим ашатын болса коп кыз келиншектерге комек болар еди. Ертен азаматтарымыз корка корка кол жумсар еди.

  • Анонимно says:

    Баянды адам ретинде де актриса ретинде оте жаксы коремин, Алла куш куат берип тезирек калыпты ортасына оралуын асыга кутемиз

  • Анонимно says:

    Баян сен жыламашы , бəрі жақсы болады , еңбастысы амансың , балаларыңның жанындасың. Біз тек сіздің амандығыңызды тілеп дұғада болдық , ешқандай сөзге мойыма , ел айта береді , сен қазақта мыңнан бір туылатын қызсың. Ақылды , салмақты , сабырлы , көрікті бар қасиет сенің тұла бойыңда бар. Алла өзіңе қорған болсын .

  • Анонимно says:

    Жаным Баян әпке сизге жарқын болашақ, мықты денсаулық тилеймин. Аман болыныз

  • Анонимно says:

    Алла Тағала сізге сенім мен күш қуат берсин

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар