Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қолын лифт жұлып кеткен 8 жасар қыз үйіне дейін бір километр жүгіріп барған

Қанның қатты аққанына қарамастан, оқушы үйіне есікті қағып кіріп, анасына болған жағдайды байыппен түсіндіріп берген.

Бұл туралы ТҺе Mirror басылымы жазды.

Үндістанның Махараштра штатында 8 жасар қыз репетиторының үйіне келе жатқан. Лифтіде адам көп болып есікке аяқ киімі қысылып қалған. Батыл Архана Тэл туфлиін ала берген кезде лифт жылдам көтеріліп кеткен. Нәтижесінде қыздың қолын лифт жұлып кетіп, осыдан кейін қыз 800 метр қашықтықта орналасқан үйіне жүгіріп барған.

Қолының қатты қанап жатқанына қарамастан, Архана анасына болған жағдайды байыппен түсіндіріп берген. Қатты қорқып қалған туысқандары қыздың қолының жұлынып қалғанын да байқамаған екен. Архана ауруханаға алып бара жатқан кезде де туысқандарымен сөйлесіп, өзін барынша еркін ұстаған.

Дәрігерлер қыздың сол қолын шынтақ тұсынан тағы да кеседі. Қазір қыздың жағдайы жақсы. Емделіп жатыр. Отбасы қолдың жұлынған бөлігін басқа науқастарға беруге келіскен.


Жіберіп алмаңыз:

Жұбайлар даяшы қызды оның барлық қарызын жауып қуантты

Бұл 6 затты ешқашан кәрізге ағызуға болмайды

Ер адамдар балалардың ойыншығына бола жаға жыртысты

Қытайлық әйел кір жуғыш машинадан салмағы 52 килограмм болатын жылан тауып алды

Талқылау