Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адамдар балалардың ойыншығына бола жаға жыртысты

Қытайда бірнеше ер адам ойыншық үшін жаға жыртысуға дейін барды.

Бұл туралы  Daily Mail  басылымына сілтей отырып ҚазАқпарат хабарлайды.

Оқиға Қытайдың Гуандун провинциясындағы Шэньчжэнь қаласында орын алған. Ер адамдардың арасындағы төбелес бейнеленген бейнежазба Youku порталында жарияланған.

Бейнежазбадан байқағанымыздай, балалар алаңында бірнеше ер адам бір-біріне жұдырық сілтеуде. Кейіннен ер адамдардың балалардың ойыншығына бола жаға жыртысуға барғаны анықталған. Артынша ересектер арасындағы төбелеске сауда орталығының күзетшілері араласып, төбелесті тоқтатады. Орын алған оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

Жіберіп алмаңыз:

Қытайлық әйел кір жуғыш машинадан салмағы 52 килограмм болатын жылан тауып алды

Android-смартфондарына қауіпті вирус тарап жатыр

Телефонда үздіксіз ойнаған қыз жанарынан айырылды

Жұмбақ сурет: Желі қолданушылары аяқ киімнің түсін таба алмай дал болды

 

Талқылау