Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз: ШҚО әкімі 18 баласы бар әкеге көмектесуге уәде берді

ШҚО-да көп балалы әке облыс әкімінің жеке қабылдауында болып, Даниал Ахметовтен шағын автобус пен үй салу үшін жер телімін сатып алуға көмек беруін сұрады.

Қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз: ШҚО әкімі 18 баласы бар әкеге көмектесуге уәде берді

Бұл туралы yk-news.kz басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

51 жастағы Виктор Кандыбаның 13 ұлы, 5 қызы, жалпы саны 18 баласы бар. Олардың ең үлкені 26 жаста болса, кішісі – 3 жасар. Виктордың өзі тұрмыстық техниканың жөндейтін шебер болып жұмыс істейді. Ал әйелі Ольга үй шарушалығымен және балалардың тәрбиесімен айналысады. Үлкен ұлдарының бірі омарташы болса, екіншісі құрылысшы екен.

Мұндай үлкен отбасына тасымалдау үшін шағын автобус қажет. Ал балалардың жеке өмірін қалыптастыру үшін, пәтелер алу керек.

«Біз жеке меншік үйде тұрамыз. Әр балаға жеке пәтер алып беруге жағдайымыз жоқ. Сондықтан бізге жер телімін берілетіні жөнінде сұрағым келді. Балаларым бір жерден бір-бірінің жанына үй сала алады», – дейді Виктор Кандыба.

Өңір басшысы Даниал Ахметов бұл ерекше жағдай екенін айтып, Виктор Кандыба сияқты адамдардың еліміздің мақтанышы екенін атап өтті.

«Біз сізге көмектесеміз. Бір ай ішінде шағын автобус алу мәселесі шешіледі. «Парыз» қайырымдылық қоры арқылы сізге Семейден шағын автобус алып береміз. Сіздерге баспана тұрғызуға болатын жер телімін бөлемін. Бұл іс ұзаққа созылып кетпес үшін, қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз», – дейді Даниал Ахметов.

Кездесу соңында облыс басшысы Семей әкімі Ермақ Сәлімовке жер қатынастары басқармасының басқарушысы Виктория Барсуковамен бірге бір апта ішінде аталған мәселені шешу жөнінде ұсыныс енгізуді тапсырды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау