Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Неліктен көлікте міндетті түрде баланың сырт киімін шешу керек? (видео)

Көлікте отырған балаға қыстық күртеше немесе пальто кигізген қауіпті. Мұны американдық әйел өз видеосында дәлелдеп берді.

коат

Желіде пайда болған адамшошырлық видеода әйел қыстық сырт киім киген баланың қандай қауіп-қатерге душар болуы мүмкін екенін айтып дәлелдеп берді. Айтуынша, автокөлік апатқа ұшыраған жағдайда күртеше немесе пальто киіп отырған балаға аса үлкен қауіп төнуі мүмкін, деп жазды Mirror.

Қауіпсіздік белбеуі баланың өмірін сақтандыру үшін арналып жасалған дүние. Алайда сырт киім киіп отырған кезде бала мен белбеудің арасында бос кеңістік қалып қалады. Ол дегеніңіз, жол апаты болған жағдайда белбеу баланың денесіне жақын орналаспайды, тиісінше қажетті мөлшерде баланы ұстап қала алмайды.

Оны болдырмау үшін ата-аналар баланың үстіндегі сырт киімін шешіп, бала мен белбеудің арасына небәрі екі саусақ сыятындай етіп белбеуді нықтап тартуы тиіс. Көлікке алғаш отырған сәтте сырттан кірген бала суықты сезіп, жаурап қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда сырт киімнің орнына жамылғы көрпелерді пайдалануға болады. Жұқа жамылғыны алып, бірнеше рет бүктеп, оны балаңыздың айналасына ыңғайластырып орналастырғаныңыз абзал. Ыстықтап кеткен жағдайда, бала өздігінен жамылғыны алып тастай алады, ал пальтоны шеше алмайды.

Кейбір ата-аналар баланың үстінен сырт киімді жауып қойғанды жөн көреді. Алайда «Good Egg» қауіпсіздік кеңесінің берген кеңесіне сәйкес, бұл тәсіл де қауіпсіз болып саналмайды. Апаттық жағдай орын алған кезде киімді алып тастау ұзағырақ уақытты қажет етуі мүмкін.

Жіберіп алмаңыз:

Тұрғындар ішінде мал бар деп ойлаған жыланның ішінен көптеген жұмыртқа шыққан (фото)

Финляндия мектептердегі пәннің барлығын алып тастаған алғашқы ел атанбақ

Үндістанда ауыл тұрғындары 6 жасар баланы Құдай көріп сыйынып жүр (фото, видео)

Жалғызбасты келіншек денсаулығы үшін күн сайын еркектің ұрығын ішетінін айтты (фото)

Талқылау