Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Финляндия мектептердегі пәннің барлығын алып тастаған алғашқы ел атанбақ

Финляндиядағы білім жүйесі әлемдегі ең үздік жүйелердің бірегейі болып саналады. Рейтинг бойынша бұл ел ең озық он елдің қатарына кіреді. Алайда жергілікті билік бұл табысқа масаттанбай, мектеп жүйесіне жаңадан төңкеріс жасауға шешім қабылдаған.

школа-Финляндии-15

Бұл туралы adme.ru хабарлайды.

Шенеуніктер мектептердегі пәндерді алып тастауға пейілді: физика, математика, әдебиет, тарих және геограыһфия сабақтары енді болмайды. Хельсинкидегі білім департаментінің басшысы Марьо Киллонен “1990 жылдардың бастапқы кезеңінде өте жақсы үрдіске айналған, әлі ескі көзқараста оқытатын мектептер бар. Бірақ, талапқа сәйкес қазір өзгерді және біз XXI ғасырға сай білім жүйесін жасау керекпіз” дейді.

Жекелеген пәндердің орнына оқушылар пәнаралық форматтағы құбылыстар мен оқиғаларды оқиды. Мәселен, екінші дүниежүзілік соғыс тарих, география және математика тұрғысынан қарастырылады. Ал “кафедегі жұмыс” курсын оқып оқушылар ағылшын тілі бойынша кешенді білім ала алады. Ол жерде олар экономикалық және коммуникативтік дағдыларды да сіңіреді.

Мұндай жүйе жоғары сыныптар үшін 16 жастан бастап енгізіледі. Оқушы өзінің алға қойған мақсатына байланысты нені оқу керектігін өзі таңдай алады. Сол себепті олар физика немесе химия пәні бойынша толық курсты өту қажеттілігі туындамайды. Мысалы математика немесе басқа да пәндердегі қаптаған формула мен ережелерді оқи жүріп, оқушыларда “осының бәрі маған қажет пе”?”, “не үшін керек?” деген сауалдардың туындайтыны жасырын емес.

Сонымен қатар бұл елде “оқытушы-оқушы” дәстүрлі қарым-қатынас форматы да өзгеріске ұшырамақ. Оқушылар енді партада отырып, қашан тақтаға шақырар екен деп күтпейді. Мұның орнына шағын топтармен бірлесе жұмыс істеп, мәселелерді талқылайды. Финдердің білім жүйесі ұжымдық жұмысқа бағытталған.

Оқи отырыңыз:

Қыз бала анасы мен әжесінікінен айнымайтын ақ шашпен туылған (фото)

Үндістанда ауыл тұрғындары 6 жасар балаға Құдай деп сыйынып жүр (фото, видео)

Америкалық әйел бір уақытта 17 ұл бала босанды (фото)

Жеміс-жидек диетасын ұстанған 46 жастағы әйелдің сырт келбеті екі есе жас көрінеді

Талқылау