Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қол астында 9 қыз жұмыс істеген: Семейде жеңгетайлықпен айналысқан әже жазаға тартылды

Семейде алты жыл жеңгетайлықпен айналысқан зейнеткер әже жазаға тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.  

Фото: Stock

62 жастағы семейлік әже қаладағы сауналардың бірінде притон ұйымдастырған. Ол әр тапсырыстан орта есеппен 15 мың теңгеден 25 мың теңгеге дейін алған.

“Көп ұзамай ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері "Стоп-трафик" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында притонды әшкереледі. Тінту кезінде тәртіп сақшылары қолма-қол ақша мен басқа да заттай айғақтарды тәркіледі. Жеңгетай мен қызмет көрсетуші 9 қыз полиция бөліміне жеткізілді. Ресми мәлімет бойынша, қыздардың үшеуі – Қазақстан азаматы, алтауы – Өзбекстан азаматы. Барлығы есепке алынды”, – деп мәлімдеді Абай облыстық полиция департаменті.

Әжеге қылмыстық кодекстің 309-бабының 1-бөлігі "Жезөкшелікпен айналысуға арналған притон ұйымдастыру немесе ұстау" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Артынша зейнеткер 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Қазір ол Абай ауданы бойынша ҚАЖ департаментінің пробация есебінде тұр.

Егер ереже бұзса, оның жазасы бас бостандығынан айырылу деп ауысуы мүмкін.

Талқылау