Көкшетауда жыныс мүшесі жоқ қызға отандық дәрігерлер көмектесе алмай отыр

Көкшетауда жыныс мүшесі дамымай қалған 3 жасар Үміттке отандық дәрігерлер ота жасудан бас тартқан. Қызға тек шетелдік дәрігерлер көмектесе алады. Туыстары отаға ақша жинауда.

Фото: Әсел Тұрар

Бұл туралы BNews.kz хабарлады.

«Маған өте сирек және қорқынышты патология деп түсіндірді. Бір сөзбен айтқанда қызымның жыныс мүшесі жоқ. Оның тоқ және тік ішектері жоқ. Үмітке жедел ота жасалды. Илеостома – қиын ота, ішек қабырғаның алдына шығып кеткен», – дейді қыздың анасы Гүлнәр Зейнуллина.

Үмір 3 рет Астанадағы ұлттық ғылыми орталықта жатқан. Уақыт өтіп жатыр, бала күннен-күнге өскен сайын ауруы жанына батуда.

«Бізді тек тексерді, бірақ ота жасау алмады. Бұл ота қиын, бала кішкентай, ол шыдай алмай қалуы мүмкін, дейді. Үміттің 1,4 жасында Канададан келген дәрігер ота жасаудан бас тартты. Ол өте қиын екенін айтты. Қазақстанда дәрігерлер бізден бас тартпайды, бірақ, ота жасай алмайды. Ал шет елдік емханаға кезекке тұру үшін, отандық дәрігерлер бізден бас тартуы керек», – дейді Зейнуллина.

Әйел шетелдік емханаларды сұрастырып, Израилге тоқтаған. Онда қызының отасына 10 мың доллар сұрайды. Ол өткен жылдың қазанынан бастап әлеуметтік желі арқылы ақша жинай бастаған. Қазірге дейін 7 мың доллар жиналған.

Италияда Үміттің патологиясындай ресейлік балаға жасалған ота сәтті аяқталған.

«Италияда балаға 2 рет ота жасатқан. Ол жақтағы ем өткен жылы 55 мың еуро тұрды. Мен ол жаққа электронды түрде хат жібердм. Жауабын күтіп отырмын», – дейді Үміттің анасы.

Үміт 2015 жылы мамырда туылды. Диагнозы – артерияның экстрофиясы, анус атрезиясы, қуықтың алдыңғы қабырғасы болмауы, оң бүйрек кішкентай жамбаста орналасқан, жатыры екі бөлікке бөлінген, олардың әрқайсысының бір түтікшесі бар, артқы тесігі (анус) пен қынабы жоқ, бел, сегізкөз аймағында ісік шығуда.

Тағы оқыңыз:

Теміртауда он жасар бала өзіне қол жұмсады

Қазақстан азаматтары Біріккен Араб Әмірліктеріне визасыз кіре алатын болады

ХҚКО-дағы компьютерден порно көрген ер адам жұрттың ашуына тиді

Шығыс Қазақстанда аш қасқырлар адамдарға шаба бастаған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар