Көкшетауда жүкті әйел дүкеннен азық-түлік ұрлап ұсталды
Әйел бірнеше рет дүкеннен азық-түлік ұрлаған. Бұл туралы өңірлік Ішкі істер департаменті өкілі хабарлады. Жүкті әйелдің үстінен дүкен қожайыны полицияға шағым түсірген.
Шағымданушының сөзінше сұғанақ өзіне 171 мың 003 теңге көлемінде зиян келтірген.
Тексеру барысында әйелдің бір ай бойы сол дүкеннен азық ұрлағаны анықталған. Ол күдікке ілінбеу мақсатында арзан бір-екі затты сатып алып, қалғанын ұрлап жүрген. Ол ішіне арнайы сөмке байлап, аяғы ауыр адамша ішіне тауар толтырып алып шығып жүрген.
Тәртіп сақшылары осы оқиғаға күдікті ретінде 37 жастағы әйелді ұүстап отыр. Ол бұған дейін де тәртіп бұзып, полицияның көзіне түскен. Ол дүкен тонауды бірнеше жылдан бері әдетке айналдырған. Қазір осы ұрлық бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.
Оқи отырыңыз:
Сейітқазы Матаев мерзімінен бұрын бостандыққа шығатын болды
Назарбаев: Біз ДАИШ-ты жеңудің аз-ақ алдында тұрмыз
Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулиннің жүрегіне ота жасалды
Досың ауырса ыңқылда: Оқулықтағы түсініксіз мақал мен тіркестер елдің ашуын келтірді

Назарбаев зияткерлік мектебі тәжірибесін басқа мектептерге беру үшін 22 млрд теңге бөлінген: НЗМ қаражаттың қалай жұмсалғаны туралы айтудан бас тартты
