Көкшетауда 6 айлық сәбиін әбден жүдетіп әлсіреткен әйел ата-ана құқығынан айырылды

Жұма, 5 Тамыз , 2016 17:39

Өзінің сәбиін әбден жүдеткен Көкшетау тұрғыны жарты жылға ата-ана құқығынан айырылды. Бұл туралы қалалық қамқорлық орталығы хабарлады.

ruchka_mladenca

Фото: chto-proishodit.ru

Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 6 маусым күні облыстық балалар ауруханасына алты айлық сәби түскен. Нәрестеге “3 деңгейдегі белоктық-энергетикалық әлсіреу” диагнозы қойылған.

“Баланың бар салмағы 3857 грамм болды, денеде май қабаты жоқ десе де болады. Бұған дейін де бұл бала арықтап ауруханаға түскен, бірақ тамақтандырғаннан соң анасы алып кеткен”, – деп хабарлады ведомства.

Көкшетау қамқорлық агенттігінің хабарлауынша, бала аз қамтылған отбасыға тиесілі екен. Анасына бұған дейін де бірнеше рет жауапкершілік туралы ескертілген.

“Әділет сотының шешімімен баланың анасы жарты жылға дейін ата-ана құқығынан айырылды. Ол осы уақыт ішінде түзелуі тиіс. Әзірге емшектегі сәби аурухана”, – деп хабарлады орталық.

Сонымен қатар, құқығынан айырылған әйелдің төрт баласы бар екен. Әзірге олардың барлығы әлеуметтік қызмет баспанасында.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

5
Комментариев
  • Анонимно says:

    Ата ана кукыгынан айырган жон. Сабидин не кинасы бао

  • Анонимно says:

    Тамақтандырғысы келмейді емес,Қу ақша жетпейді.Ананы жазғырғанша жоғарыда отырғандар (уайымы жоқтар)жəрдем бермей ма? Барлық нəрсе қымбат.Қалай тартсаң да жетпейді.

  • Анонимно says:

    Канша киындык болсада ана баласына нан аштан калдырган емес

  • Анонимно says:

    Орыс шығар,әитпесе қазактың баласы балпанақтай болады

  • Анонимно says:

    Елдин баласын алганша неге комектесписиздер онаи гои дим аласалу

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар