Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Көкшетау тұрғыны үйіне жету үшін біреудің көлігін айдап әкеткен

Мас күйінде біреудің көлігін айдап әкеткен көкшетаулық қолға түсті, деп хабарлайды өңірлік ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Өңірлік ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 3 қаңтарда Көкшетау қалалық ІІБ кезекшілік бөліміне 37 жастағы жергілікті тұрғыннан арыз түскен. Арызданушы қаладағы сауда үйінің біріне кірген кезде оның сыртта тұрған  «Toyota VItz» көлігін белгісіз біреу айдап əкеткенін айтқан.

Арызданушы дер кезінде полицияға хабарласқандықтан, жол-патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жедел-іздестіру шарасын қолға алыпты. ІІБ жедел басқару орталығындағы бейнебақылау камерасының көмегімен күдіктіні қолға түсірді.

Күдікті 27 жастағы көкшетаулық болып шықты.

Анықталғандай, мас күйінде болған күдікті дүкен маңында иесі жоқ əрі есігі ашық тұрған көлікті айдап əкетеді. Мұнан кейін көп ұзамай ұрланған көлікпен жол-көлік оқиғасына ұшырайды. Ол сол жерде көлікті қалдырып, өзі қашып кеткен.

Күдіктінің түсініктемесіне қарағанда ол ұрланған көлікпен үйіне жетіп қалмақ болған. Алайда, оның бұл қулығынан нəтиже шықпады.

Қазіргі уақытта күдікті үстінен ҚР ҚК 200-бабының 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оқи отырыңыз:

ҚМДБ уағыз айту әдебіне қатысты ереже дайындап жатыр

Алматыда 3 жасар баланың анасына іздеу жарияланды

Оралда дүкеннен сатып алынған күріш суда өзімен-өзі еріген (видео)

СҚО-да бір отбасының 15 жылға несиеге алған үйі жанып кетті

2018 жылы қандай әуе рейстетерін мемлекет қаржыландырады

STAN.KZ
Сенбі, 06 Қаңтар, 2018 09:31
Талқылау