Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Киіміңізге қарап қарсы алады: Киім арзандығының 5 белгісі

Аз ақша жұмсап, сәнді әрі дәулетті көріну мәселесі қашан да ашық қала бермек.

c4ca4238a0b923820dcc509a6f75849b113

Бүгінде сатып алушылар артық ақша төлеп, киім-кешекке көп ақша жұмсағысы келмейді. Олардың әрекеттері дұрыс та. Жақсы киімнің бәрі қымбат тұрмайды. Тіпті, кез-келгеннің қалтасы көтере бермейтін киімдердің өзі дәулетті көрсете бермейді. Сонымен, гардеробыңызды бағасынан сапасы жоғары киімдерге толтыру үшін не нәрсеге назар аудару қажет?

  1. Арзан мата

Матаның сапасы – ең алдымен назар аударуға тұратын маңызды мәселе. Егер тоқыма матадан тігілген киімді таңдасаңыз, аралас түрін, яғни құрамында табиғи және жасанды талшықтары бар түрін таңдағаныңыз жөн. Егер жейдеңізде кашемирдің аздаған пайызы болса, ол автоматты түрде қымбат әрі жақсырақ көрінеді. Ал атластан тігілген киім алғыңыз келсе, азырақ жылтырайтынын таңдағаныңыз жөн. Арзан жібек не атластың сапалысынан айырмашылығы – майлы табадай жылтыр. Ал джинсы аларда құрамындағы мақта мата талшықтары пайызының жоғарылығына мән беріңіз. Оның созылғыштығы төмен және түрі де анағұрлым жақсы. Ал сапалы былғары алмастырғыштың құрамы және түрі таза былғарыны еске салады.

  1. Ұқыпсыз тігіс

Өкінішке орай, өздерін люкс сыныбының масс-маркеті санайтын үлгілердің өзінде мұндай кемшілік кездеді. Сондықтан сапалы тігілген киімдерді ZARA, H&M, Mango, Patrizia Pepe немесе TOPSHOP брендті дүкендердің өзінен таба бермейсіз. Бәлкім, іздегеніңізді табарсыз да (бағасына қарамастан). Сатып алуды ұйғарған киімді бастан-аяқ тесеріңіз: тігісі түзу, кесілген тұстары торлағышпен тігілген, симметриялы бөліктерінің (түйме, ілмек, қалта) бәрі бәр деңгейде болуы тиіс.

Кеңес: қарапайым киім дүкендері мен базардан айналып өтудің қажеті жоқ. Бәлкім ,сіз іздеген сапалы киім дәл сол жерден табылар.

  1. Сәндік бұйымдары

Бұл өз алдына жеке тақырып. Киім тағдағанда төменде аталғандарға назар аударыңыз:

  • Пластиктің бәрі бәрдей емес. Пластмассадан жасалған тоға, түйме, тіпті ілгектің өзі арзан көрінуі мүмкін.
  • Жылтырағанның бәрі алтын емес. Егер киіміңізде алтын түстес сәндік бұйымдар болсын десеңіз, жалатылған алтынынң сапасы мен түсіне мән беріңіз.Сап-сары түстілерін шетке ысырғаныңыз дұрыс. Ал ақ, алқызыл немесе ашық-сары түсті үлгілер – дұрыс таңдау.
  • Қаншалықты аз болса, соншалықты жақсы. Танымал сәнгерлердің қолынан шыққан киімдерде көлемді сындік бұйымдар сирек кездеседі. Онда жылтырақтан бұрын, тігісіне басымдық беріледі.
  • Жасырын сыдырма ілгек кез-келген көйлек пен костюмде ұтымды көрінеді. Ал «сыртында тұратын» сыдырма ілгек жайлы бұлай айтуға келмес.
  1. Түсі

Танымал сәнгердің қолынан шықса да, неон немесе уытты түсті киімдер еш уақытта қымбат көрінбейді. «Қызықты» суретті көйлекті де бұл қатарға жатқызуға болады. Олар, тіпті күлкіңді келтіреді. Қымбат көрінетін киімдердің өзіндік түстер үйлесімі бар: қою, қанық түсті, пастельді бояу түстері, құм не кофе түстерінің барлық жиынтығы.

  1. Пішіні

Бұл жеке атап өтуге тұрарлық сұрақ. Ерлер мен әйелдер үшін де маңыздылығы жоғары. Қалай ойлайсыз, қандай пенжек сәнді, кербез көрінеді? Иығы қаттысы ма, әлде еркін салбыраған үлгісі ме? Жауабы –айқын. Бұл сөмке мен аяқ киімге де қатысты. Сапалы саттар пішін сақтайды, сонымен бірге үлгісі мен беделін де.

Қыздарға кеңес: егер көйлектің ішінен сымбатыңызды түзейтін ішкиім кисеңіз, кез-келген көйлек өзіңізге құйып қойғандай әрі қымбат көрінеді.


Жіберіп алмаңыз:

Үй шаруасындағы әйел бананның ішінен адам өміріне қауіпті өрмекші тауып алды

2,33 метрге жеткен американдық жігіттің бойы әлі де өсуде (фото)

Әлемде алғаш рет бас алмастыру отасы жасалды (видео)

Талқылау