2,33 метрге жеткен американдық жігіттің бойы әлі де өсуде (фото)

Жұма, 23 Қыркүйек , 2016 8:30

Мичигандық Брок Браунға небәрі бес жасында «алыптық» диагнозы қойылған. Жуырда 19 жастағы бозбаланың бойы – 2 метр 33 сантиметрге жетіп, рекорд орнатты. Әлемдегі ең бойы ұзын жеткіншек (18 жасқа дейінгі балалар арасында) атағына ие болған жігіттің бойы әлі де өсіп келеді. Жылына оның бойына 15 сантиметрдей қосылады.

mini33

Броктың бойы әрі қарай да өсе берсе, жақында ол әлемдегі ең ұзын адам – Сұлтан Кесеннен асып түседі, оның бойы – 2 метр, 51 сантиметр. Бұл туралы Daily Mail басылымы хабарлаған.

1253

Суретте: Брок және оның отбасы – әпкесі Стейси, анасы Дарси және әжесі Джой.

Жігітке небәрі бес жасында «Сотос синдромы» немесе «церебральді алыптық синдромы» диагнозы қойылған. Сол кездің өзіңде-ақ, дәрігерлер бұл балада жасөспірімдік кезеңнің болмайтынын айтқан.

2141

Бұл – емдеуге келмейтін, тұқым қуалайтын ауру. Шынына келгенде, күндердің күнінде Броктың бойының өсуі тоқтай ма, жоқ па, ол да белгісіз.

4102

Суретте: бес жасар Брок қатарластарымен

Алыптықтан бөлек, Броктың оқу барысында жаңа дүниелерге машықтануы қиын әрі жүрегі ауырады. Жігіттің омыртқасы қисайып, омыртқа өзегінің стенозына шалдыққан (орталық омыртқа өзегінің тарылуы).

588

Суретте: Брок өзінің немере қарындасы Саваннамен

Броктың денсаулығында кінарат болса да, дәрігерлер оның басқалар сияқты қалыпты және ұзақ өмір сүруіне мүмкіндік бар дейді.

681

Туылған кезде Броктың бір ғана бүйрегі болған. Сол себепті үнемі арқасы ауырса да, ол ауруды басатын дәрі қабылдай алмайды.

«Арқамнан алып теннис ракеткасымен ұрып жатқандай сезінемін. Дәрігерлер менің ауруымды басатын дәрі тапса екен деп армандаймын», – дейді жігіт.

875

Жуырда Брок анасы Дарсимен бірге Арканзан балалар орталығының маманына жүгінді. Дәрігер Брэдли Шафер жігіттің ауруына қатысты ешқандай көмек бере алмағанымен, Броктың да кез келген басқа адам сияқты ұзақ өмір сүруі мүмкін екенін айтып, қуантты. Ал негізінде алып адамдар ұзақ өмір сүрмейді екен.

968

Броктың ұзын бойы қаржылық жағынан да қиындық туғызады. Себебі киім, аяқ киім, тіпті шұлықтың өзі тапсырыспен тігіледі. Ал Брокка арналған керует пен жиҺазға мың доллар көлемінде ақша жұмсалған.

1062

Анасының айтуынша, жергілікті билік өкілдері оларға қол ұшын беріп тұрады. Бірнеше рет ақша жинап берген билік өкілдері Броктың отбасына шамамен 10 мың доллардай тарту еткен. Қаражаттың барлығы Броктың киімі мен аяқ киіміне жұмсалған.

брок с мамой

Ештеңеге қарамастан, Брок пен оның анасы өте бақытты әрі болашаққа үлкен үмітпен қарайды. Жігіттің ендігі мақсаты – ел қатарлы жұмыс істеу. Мәселен, спорт тауарлары дүкенінде жұмыс істесем дейді өзі. Ал Дарси ұлына қысастық жасағысы келмейді, ана ретінде оның да ойлағаны – перзентінің бақыты.

 

Орта мектепте оқып жүрген кезінді Броктың бойы – 182 см болған.

1348

Айта кетейік, аталған ауруларынан бөлек, жігіт ашуын бағындыра алмады және ол үнемі жақындарының көңіл аударуына зәру.

Ал Дарси: «Ұлым ақжарқын әрі өте мейірімді жігіт. Оның жүрегі де дәл денесі секілді үлкен», – дейді.

1445

Дарси мен дүниеге жаңа келген Брок.

1539

Жіберіп алмаңыз:

Әлем бойынша ең үлкен кеуделі әйелдер тұратын мемлекет белгілі болды

Астаналық заңгер кеңсесінде 3 метрлік алып жыланды асырап отыр (фото, видео)

Бангладеште бір басты сиам егіздері дүниеге келді (видео)

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар