ХҚКО-дан мәліметтер ұрланғаны туралы 60-қа жуық шағым түскен

Дүйсенбі, 20 Қараша , 2017 14:27

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев халықтың шағымының арқасында мұндай жағдайлардың анық-қанығын ашу қолға алынғандығын айтты.

Фото: inform.kz

Алматылық Анна Дмитриевичтің жеке мәліметтерін ХҚКО арқылы рұқсатсыз пайдаланғаннан кейін тағы 60 арыз келіп түсіпті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Бізге «ХҚКО қызметкерлері рұқсатсыз жеке мәліметтерімді пайдаланды» деген 60 арыз түсті. Олар солай ойлады. Яғни олар (азаматтар – редакция) келеді де: «Маған анықтама беріңіз» дейді. ХҚКО олардың ЭЦҚ-сы арқылы жеке деректеріне кіреді де, жеке куәлігімен салыстырып тексереді. Сосын анықтама береді», – деді Абаев ҚР Парламенті Мәжілісінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Үкімет сағатында.

Дәурен Абаевтың айтуынша, арыздарға байланысты қазақстандықтардың жеке мәліметтерінің рұқсатсыз тарауы туралы ақпарат расталған жоқ.

«Біз тексерген барлық дерек расталмады. Яғни, адамдар өздері келіп анықтама алғанын ұмытып кеткен. Олар өздерінің жеке кабинетіне кіріп, 3-4 ай бұрын біреудің анықтама алғанын көреді. Сосын мұндай анықтама алу туралы өтінім бермегендігін айтады», – деп түсіндірді министр.

Ведомство шағымдардың арқасында мұндай жағдайдың мән-жайын ашуға кіріскен.

«Егер біз қазір азаматтардың ыңғайына қарай жығылмасақ, онда ХҚКО-да тағы да ұзын сонар кезек болады. Сондықтан біз үшін екі жол бар: азаматтар өздерінің дағдыларын жақсарту керек, содан кейін біздегі бар ақпарат жүйелерін интеграциялау керек», – деп түйіндеді ведомство басшысы.

Еске сала кетейік, бұған дейін алматылық Анна Дмитриевичтің жеке мәліметтерін заңсыз пайдаланды деген ақпарат тараған. Кейін осы мәліметтерді таратқан ХҚКО қызметкері жұмыстан қуылды.

Сондай-ақ, ХҚКО қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне байланысты ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Азаматтарға арналған үкімет» МК басқарма төрағасының орынбасары Әсем Балташеваға сөгіс жариялауды тапсырды.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстандықтар жаңа туған сәбиінің есімін SMS-хабарлама арқылы қоя алады

Facebook қолданушыларына жазбасын өшіруге тыйым салды

14 жастағы қыз iphone телефонының кесірінен көз жұмды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
13.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар