Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар жаңа туған сәбиінің есімін SMS-хабарлама арқылы қоя алады

Жаңа туған сәбидің құжаттарын рәсімдеу шаралары айтарлықтай жеңілдейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы парламент мәжілісіндегі үкімет сағатында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев атап өтті.  Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің проактивті принципін толықтай электрондық нұсқада жүзеге асыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мұндай жағдайда адамдардың арнайы келуі де қажет болмайды.

«Мысалы, бала туғанда, ата-анасына туу туралы куәлік алу үшін баланың аты-жөнін, жәрдемақылар тағайындау үшін шот нөмірін және балабақшаға кезекке қою үшін мекенжайын көрсету ұсынысымен  автоматты түрде SMS-хабарламалар келеді. Өтініш беруші мемкорпорацияға мемлекеттік қызмет нәтижесін алып кетуі үшін ғана келеді немесе үйге жеткізу қызметіне тапсырыс бере алады», – деді Дәурен Абаев.

Бұдан бөлек, ведомство басшысы жақында  Астанада мемлекеттік қызметтерді алу үрдісі толықтай автоматтандырылған Digital-ХҚКО іске қосылатынын және онда операторлар болмайтынын айтты. Цифрлық ХҚКО ашылуы мемлекеттік қызметтерді ұсынудың жаңа нұсқасына өту кезеңі болмақ. Ол жерде азаматтар өз бетінше қоғамдық қолжетімділік орындары, «Connection point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары және мемкорпорацияның арнайы стенд-павильондарындағы планшеттер арқылы электрондық өтініштер береді.

Тағы да оқыңыз:

Отандық әнші 10 баланы құтқарған қаңғыбасқа баспана беруді ұсынды

Жаңа жылда Қазақстандықтардың неше күн демалатыны анықталды

Желідегілер Бақытбек Есентаевтың жас кездегі сымбаттылығына қайран қалды

Талқылау