Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ХҚКО-ға жыл сайын барудың қажеті жоқ. ЭЦҚ –ның жарамдылық мерзімі ұзартылды

Қазақстандықтар енді халыққа қызмет көрсету орталығына жыл сайын бармайтын болды. 2018 жылдың 14 тамызынан бастап электронды-цифрлық қолтаңба кілттерінің жарамдылық мерзімі 3 жылға ұзартылды. Бұл туралы Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

ХҚКО-ға жыл сайын барудың қажеті жоқ. ЭЦҚ –ның жарамдылық мерзімі ұзартылды

Аталған хабарламада, пайдаланушылардың тіркеу куәліктеріндегі деректердің 3 жылға жарамды екені жазылған. Яғни, тіркеу куәліктері жеке куәлік , eToken PRO 72K, JaCarta, Kaztoken, Akey сияқты қорғалған тасымалдылаушылардағы негізгі ақпарат 3 жылға дейін сақталады.

“Файлдық жүйеге шығарылған ЭЦҚ қолтаңба кілттерінің жарамдылық мерзімі өзгермейді. Себебі, файлдық жүйе сертификатталғандар санатына жатпайды және қорғалған кілттерді бірнеше жылға қауіпсіз сақтауға мүмкіндік бермейді”-делінген хабарламада.

ЭЦҚ –ның жарамдылық мерзімі пайдаланушылардың қолайлығы үшін ұзартылды. Азаматтар бұған дейін кілттердің мерзімін ұзарту үшін жыл сайын «электрондық үкіметтің» порталы арқылы  қайта тіркеуден өтіп немесе “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік ұйымының  бөлімшелеріне барып жүрген болатын. ЭЦҚ –ның жарамдылық мерзімінің ұзартылуына байланысты, олар ЭЦҚ-ны қайта шығару үшін ХҚКО-на үш жылда бір рет баратын болды.

Сонымен қатар, ЭЦҚ кілттерінің мерзімінің аяқталуына бір ай немесе бір апта қалғанда өтініш толтыру кезінде электронды поштасын көрсеткен азаматтарға ЭЦҚ кілттерін қайта шығару керек екендігі туралы хабарландыру келеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау