“Харекет” қайырымдылық қоры көп балалы отбасына баспана сыйлады
“Харекет” қайырымдылық қоры “1000 теңгеге баспана” акциясымен Сатпаев қаласындағы көп балалы отбасына баспана сыйлады. Бұл туралы қордың әлеуметтік желі парақшасында хабарлады.

Фото: @xareket_kory_official
“Баспанаға мұқтаждар көп. Бірақ, қордың бірінші үйі 7 баласы бар, бір баласы мүгедек, әйелі жетімдер үйінде өскен отбасына бұйырды. Нағыз мұқтажды тапқаныма сенімдімін”, – деп жазған қор жетекшісі.
Бұрын бұл отбасы мекеме офисының бір бөлмесінде тұрып келген.
“Осылай сіздерге үй береміз дегенде күйеуінің көзінен жас шығып, далаға шығып кетті. Қыздың айтқан сөзі Алладан қайтсын болды. Мен тұрып кетіп бара жатыр едім Майра қыз келіп мені құшақтап алды. Құшақтап үндемей жылап тұра берді. Мен сол кезде жүрегіммен түсіндім нақ мұқтажды тапқанымды”, – деген қайырымдылық жасаушы.
Жазбасының соңында, Балмағанбет мешітінің бас имамы Қондыбай Серікбайұлына, Сәтбаев қаласының дін сұрақтары бойынша ақпарат және кеңес беру орталығының директоры Дулат Рашидұлына , Раш қажыға, Қанат Жасанұлы қажыға жəне бірқатар жастарға алғысын айтқан.
Алдағы уақытта, “Харекет” Қайырымдылық қоры тағы басқа баспанаға мұқтаждарға көмектесетінін жазды. Ол үшін қайырымды жандар бірге жұмылып, ат салысу керек.
Тағы оқыңыз:
«Алматы Жастары» бағдарламасы бойынша алты мыңнан астам өтініш қабылданған
Маңғыстауда дәрігерлер қыздың асқазанынан 30 см шаш түйінін шығарып алды
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?