Халықаралық іздеуде жүрген Түркия азаматы Астанада ұсталды
Астана қ. ІІД қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында 25 жастағы Түркия азаматын қолға түсірді.
Бұл туралы 24.kz хабарлайды.
Күдіктіге 2015 жылдың желтоқсанында ауыр қылмысы үшін Түркия Республикасының Интерполы халықаралық іздеу жариялаған. Ұсталған азамат Астанадағы ЖШС-лердің бірінде жұмыс істеп жүрген. Бүгінде күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Талқылау