Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хакерлер еліміздегі мемлекеттік мекемелердің сайттарына жаппай шабуыл жасады

Қазақстандағы мемлекеттік мекемелер мен әкімдіктерге жаппай хакерлік шабуылдар жасалды. 323 сайт компьютер мамандарының құрбанына айналды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

20170130111700

Солтүстік Қазақстан және Алматы облысы мемлекеттік органдары мен Алматы мәслихатының сайты, «Казгипроводхоз», Қазақ драма театры және т.б. мекемелер шабуылға ұшырап қалды.

«Кибернетикалық шабуылдарды сараптау және тергеу орталығының мамандарының пайымдауынша, жаппай шабуылға сайт иелерінің уақытында контентті басқаруда қолданылатын жүйелерді (СМS) түзетілген қауіпсіздік шараларын орнатпауы себеп болып отыр. CMS-тің лицензиясы жоқ және ескірген нұсқасын қолданудың салдарынан сайт иелері шабуылға ұшырап қана қоймай, хакерлерге жеке, қаржылық, басқа жүйелер мен қызмет көрсету орталықтарына жол ашып беруі мүмкін», – делінген орталық хабарламасында.

Хакерлер тарапынан шабуылға ұшыраған сайттар мыналар:

Политехникалық колледж (Атырау қ.)

Орталық аудандық аурухана (Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы)

Ембі аудандық ауруханасы (Ембі қ.)

Семей көпбейінді колледжі (Семей қ.)

Атырау облыстық ауруханасы (Атырау қ.)

Аудандық мәслихат аппараты (Атырау обл. Құрманғазы ауданы)

№19 орта мектеп (Қостанай қ.)

Жетіқара аудандық білім  бөлімі (ШҚО)

Халықаралық үздіксіз білім беру колледжі (Астана қ.)

Қызылорда облыстық онкологиялық орталығы

Семей қалалық инфекциялық ауруханасы

Семей қалалық наркологиялық диспенсер

Құсайынов атындағы Қазақ драма театры (Көкшетау қ.)

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

Петропавл темір жол көлігі колледжі

С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ Алабота ауылдық окургі әкімінің аппараты (СҚО)

Чкалов ауылдық окургі әкімінің аппараты (СҚО)

Теңдік ауылдық окургі әкімінің аппараты (СҚО)

Абай ауылдық окургі әкімінің аппараты (СҚО)

Амандық ауылдық окургі әкімінің аппараты (СҚО)

Киров ауылдық окургі әкімінің аппараты (СҚО)

“RG Brands” АҚ (Алматы қ.) «Даму» қоры (Алматы қ.)

Жіберіп алмаңыз:

Шымкентте ТМД-да баламасы жоқ жаңа зауыт іске қосылды

Қуат «Найман»: Ұлтты жою үшін ол елдің әйелдерін азғындау қажет

Шымкентте білімді жастар мемлекеттік қызметке үміткерлердің орнына тест тапсырып келген

Ұлттық банк Ақышев туралы қауесет таратқандарды жазаламақ

 

 

Талқылау