Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте білімді жастар мемлекеттік қызметке үміткерлердің орнына тест тапсырып келген

Шымкентте жиырма шақты жас мемлекеттік қызметке үміткерлердің орнына тест тапсырған. Үш жылға толар-толмас уақыт ішінде олар 148 адамның жұмысқа орналасуына себепкер болған.

34099483

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Резонанс тудырған сот процесі Әл-Фараби аудандық сотында өтті. Айыпталушылар орындығына 19 адам отырды.

Тергеу дерегі бойынша, топ үш жыл бұрын құрылған. Оның құрамында жақсы дайындалған, экономикалық және заңдық білім бар адамдар кіріпті. Жасанды құжатпен тестке еркін кіріп кеткен олар, үміткерлердің атынан тапсырып отырған. Олар осы қызметі үшін 2-3 мың доллар аралығында алған. Осыншама қымбат құнына қарамастан, олардың қызметін тұтынатындар саны аз болмапты.

Олар 3 жыл ішінде Астана мен Алматы, Көкшетау, Ақтөбе, Тараз қалаларында жұмыс істеп үлгеріпті. Олардың әрекетіне қатысты бірнеше бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сот процесі өткен жылдың қазан айында басталған. Жағдайды терең талдап, бірқатар факторларды ескерген сот 19 адамның 11-ін жауапкершіліктен босатыпты. Қалған сегіз адам – 4 ер, 4 әйел адам әртүрлі мерзімге сотталған.

Қылмыстық топты ұйымдастырушы мен жетекшісі 7 жылға, ал қалған алтауы 5 жылға бас бостандықтарынан айырылған.

Оқи отырыңыз:

Шымкенттік мүгедектер тегін берілетін қоларбалардың сапасыздығын айтады

Дәурен Абаев ұялы телефондардың IMEI-кодтарын тіркеу жайлы айтып берді

Қызметкерлерін науқастардан қалайда ақша алуға үйреткен бас дәрігер қызметінен кетті

Отбасын тастап кеткен әкесі өзін іздеп тапқан 14 жастағы қызын зорлап тастады

Талқылау