Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хакерлер әлемдегі ең танымал видеоны YouTube желісінен өшіріп тастаған

Әлемге танымал болып рекорд орнатқан әнші Луис Фонсидің Despacito әнінің бейнебаяны  YouTube желісінен жоғалып кетті.

Хакерлер әлемдегі ең танымал видеоны YouTube желісінен өшіріп тастаған

 

Бұл туралы The Independent хабарлады, деп жазады Stan.kzақпараттық агенттігі.

Дереккөздің  мәліметі бойынша, бейнебаян хакерлердің шабуылынан кейін жоғалып кетті. Болжам бойынша бейнебаянды Prosox немесе Kuroi’sh тобының мүшелері өшіруі мүмкін.

Танымал болған видеоны өшірген хакерлер бейнебаянның орнына ер адамдардың мониторға қару кезеніп тұрған видеосын жүктеп қойған. Сондай-ақ, бұл видеодан бөлек Шакира, Селена Гомес, Дрейк және Тейлор Свифт сияқты басқа да орындаушылардың бейнебаяндары бұғатталған.

Естеріңізге са кетейік, бесінші сәуірде Луис Фонсидің Despacito әнінің бейнебаянын 5 миллиард желі қолданушы тамашалаған. Бұл YouTube тарихындағы ең жоғарғы көрсеткіш болатын.

Оқи отырыңыз:

Хабаровск қаласындағы көшелердің біріне Ми-8 тікұшағы құлап, алты адам көз жұмды

Жапондық азамат әлемдегі ең кәрі адам деп танылды

Жаттығу залындағы жүгіретін жолақ кішкентай баланы сорып алды

Ресей үшін «қара дүйсенбі»: Санкцияларға байланысты рубль мен қор биржалары құлдырады

Талқылау