Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хабаровск қаласындағы көшелердің біріне Ми-8 тікұшағы құлап, алты адам көз жұмды

Хабаровск қаласындағы көшелердің біріне Ми-8 тікұшағы құлап, адамдар құрбан болған. Хаваровскіде апаттың болғаны туралы ақпарат Төтенше жағдайлар министрлігінде расталды.

Хабаровск қаласындағы көшелердің біріне Ми-8 тікұшағы құлап, алты адам көз жұмған

Бұл жөнінде ТАСС хабарлады, деп жазады  Stan.kzақпараттық агенттігі.

«Қаладағы көшелердің біріне тікұшақ құлап, бірнеше адам қаза болды», – деп хабарлады ведомство.

«Біз Хабаровскідегі тікұшақтың құлауы туралы ақпарат алдық. Ал оқиға орнына арнайы топ кетті. Қазіргі уақытта бұл жағдайға қатысты ешқандай мәліметтер жоқ», – деп хабарлады Хабаровск аймағындағы Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі.

Төтенше жағдайлар департаментінің алдын-ала ұсынылған мәліметі бойынша тікұшақ апатының салдарынан алты адам қаза тапқан.

«Тікұшақта алты адам болған. Олардың барлығы қаза тапты», – деп хабарлады дереккөз.

Оның айтуынша, тікұшақ жерге ұрылғанда өртеніп кеткен.

«Қазір өрт сөндіріліп жатыр. Апат болған аймақ қоршауға алынды», – деп хабарлады дереккөз.

Оқи отырыңыз:

Жапондық азамат әлемдегі ең кәрі адам деп танылды

Жаттығу залындағы жүгіретін жолақ кішкентай баланы сорып алды

Ресей үшін «қара дүйсенбі»: Санкцияларға байланысты рубль мен қор биржалары құлдырады

Сүйікті кейіпкеріне ұқсағысы келген бойжеткен пластикалық отасыз-ақ “тірі қуыршаққа” айналды (фото)

Талқылау