Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хабиб Нұрмағамедов 9 айға жекпе-жектен шеттетілді

UFC чемпионы Хабиб Нұрмағамедовке 9 айға шектеу қойылды. Невада штатында Атлетика комиссиясының тыңдауынан кейін осындай шешім қабылданды.

Сот ресейлік команда мен ирландық Конон Макгрегордың командасының төбелесі үшін осындай шешім қабылдады.

Одан бөлек Нұрмағамедовке 500 мың доллар айыппұл салынды. Ал, ағасы Әбубәкір мен спарринг-әріптесі Зубайра Тухуговке бір жылға шектеу қойылды. Оларға 25 мың доллар айыппұл салынды.

Ал, Макгрегор алты айға шеттетіліп, 50 мың долларға айыппұл алды. Барлығының шектеу мерзімі 6 қазаннан басталады.

Егер Нұрмағамедов бұзақылыққа қарсы бағытталған әлеуметтік жарнамаға түссе, шектеу мерзімі жарты жылға дейін қысқарады. Егер спортшы бұл ұсынысты қабылдаса, онда ол сәуірден бастап жекпе-жекке шыға алады.

Айта кетейік, Хабиб Нұрмағамедов Қазақстанға жасырын келіп, балалар үйін аралады. Тәрбиеленушілермен сөйлесіп, көңілін көтерді. Оларды спортпен айналысуға шақырды. Кейін Кеңес Рақышевпен, Кәрім Мәсімовпен түскен суретін жариялады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау