“Хабардың” журналисті өзіне тиесілі сыйақыны үш баланың өмірін сақтап қалуға жұмсады

Жұма, 18 Тамыз , 2017 15:26

“Хабар” агенттігінің Нью-Йорктегі меншікті тілшісі Майра Әбдірахманова өзіне тиесілі президенттік сыйлық қаражатын үш қазақстандық баланың өмірін құтқаруға жұмсады.

12079605_1633637683565622_841183734842357744_n2

Бұл туралы “Хабар” телеарнасы хабарлайды.

Майра Әбдірахманов журналистердің маусым айындағы төл мерекесі қарсаңында президент сыйақысын иеленген болатын. Тілші өзіне тиесілі үш миллион теңгені ауру балалардың еміне беруді жөн санапты. Ол ақшаны “ДОМ” қайырымдылық қоры арқылы аударған.

Енді осы аударылған ақшаға астаналық Әлімхан Сәндібек, оралдық Вероника Цибизова және тараздық Ақнұр Нұрлыбай есімді балалар емделмек. Олардың бәрі қауіпті ауруға шалдыққан және шетелде ем алуға мұқтаж.

Әлімхан мен Вероника қазірге дейін Оңтүстік Корея клиникасында емдеуден өтіп, үйлеріне оралған. Ал Ақнұр Ыстанбұлда операция жасатқан және қазіргі таңда түрік клиникасында жатыр.

“Мұндай игі қадамдар біздің сыйақы үшін жұмыс істеп жүрмегенімізді қоғамға тағы бір мәрте әйгілеп береді деп сенемін. Біз осы кәсібімізді жақсы көргендіктен жұмыс істейміз. Ал Майраның осы бір қадамы үш бірдей баланың өмірін сақтап қалуға шарапатын тигізді”, – дейді “ДОМ” қайырымдылық қорының директоры Аружан Саин.

Оқи отырыңыз:

Оралдық ата-аналар оқулықта “лайкать”, “пиарить” деген сөздер өріп жүргенін айтып шағымданды

Анастасия Заворотнюк Испаниядағы теракті кезінде өмірімен қош айтыса жаздады (видео)

Алматыдағы көлік тұрағындағы төбелес: Жұдырығын ала жүгіргендер ұсталды

Жүрсін Ерман ақысына асабаға, әншіге айналған ақындар жайлы ойымен бөлісті (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар