Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“КешYOU” тобы енді рэп орындайды

Триодан квартетке айналған “КешYou” тобы енді мүлдем жаңа стильде ән салатын болады. Тіпті, төрт қыздың бірі енді рэп орындайды.

кеш4

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Топтан Ақбота Сейтмағамбетпен бірге Жұлдыз Өмірғалидің да кетуі ел үшін күтпеген жағдай болды. Тіпті, бұрынғы құрамнан қалған жалғыз Балжан Бидаштың өзі бұл жағдайды естіген кезде таңырқап қалғанын жеткізді.

«Мен үшін де бұл күтпеген жағдай болды. Продюсерлеріміз солай шешті. Енді ол актриса болады. Жақында Жұлдызды кинодан көре аласыздар», – дейді ол.

Жаңадан жасақталған квартет “КешYOU” тобының репертуарында бұрыннан бар әндерді де орындайды. Одан бөлек, жаңа форматтағы әндер жазылады.

“Әлемдік трендтардың барлығын бақылап отырамыз. Өзіміздің жаңа стилімізде қолданатын боламыз. Екі айдан бері бірге дайындалып жатырмыз: ән, вокал. Бір бірімізден үйреніп жатырмыз”, – дейді Балжан Бидаш.

Топқа жаңадан қосылған Сара мен Элизатты тыңдармандар жақсы біледі. Олар бұған дейін Есентаеваның қарамағындағы екінші қыздар тобы “Лашында” ән салған. Ал Назым Әбілдина кастинг арқылы іріктелген. Оның да бұл салада тәжірибесі жоқ емес.

“Маған қиын емес. Өйткені мен 8 жасымнан бері сахнадамын. «Айгөлекті» жүргіздім, «Лүпіл»тобында ән салдым. Білмейтінімді қыздар үйретіп жатыр”, – дейді Назым.

Жаңа құрам алғаш рет сахнаға ертең, яғни 10 ақпан күні шығады. Олар Сейдолла Бәйтерековті еске алу кешіне қатыспақ.

Жіберіп алмаңыз:

Желіде Димаштың қытай тілінде айтқан әні пайда болды (видео)

Сәкен Майғазиев өзінің «жігіттігіне» күмән келтірген сыншыларға жауап берді

Дарья Александрова қасиетті ұнды қорлағаны үшін айыпталды (фото)

Димаштың жарыста алғашқы үштіктер қатарында қалуына қытай тіліндегі әннің септігі тиген

 

 

Талқылау