Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

КешYOU солисінің “жыртық шалбары” көпшіліктің талқысына түсті

“КешYOU” тобының солисі Ақбота есімді бойжеткеннің “жыртық шалбары” көпшіліктің талқысына түсті.

шл

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бойжеткен киім дүкендерінің бірінен сатып алған тізесі жырылған шалбарын киіп суретке түскен. Артынша суретін инстаграмдағы парақшасына салған. Мұны көрген желі қолданушылары түрлі пікір білдірді.

го

748874

Қолданушылардың бірі “Өзің кішкентай қыз екенсің ғой. Сәннен қайбір хабары бар дейсің” деп жазса, енді бірі “Өте жаман емес. Әркім не киетінін өзі біледі. Бірақ ауылға барсаң әжең жамап беретін шығар” деп әншінің образын күлкіге айналдырды. Араларында жаман пікір жазбауды өтініп, жақтап сөйлегендер де болды. Алайда әншінің өзі ешкімнің сынына жауап берген жоқ.

748

Бұл суретті салмас бұрын Ақбота ханым кеудесі ашық көйлек киіп түскен суретін салып, көпшіліктің сынына ұшыраған болатын.

Естеріңізге сала кетсек, «КешYOU» тобының қыздарын желі қолданушылары «түрлері қорқынышты» дегені туралы жазған болатынбыз.

Талқылау