Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«КешYOU» тобының қыздарын желі қолданушылары «түрлері қорқынышты» деді

Бір күн бұрын әнші Жазира  Байырбекова өзінің Инстаграм парақшасына «КешYOU» тобымен түскен суретін салған. Әнші естелік суреттің астына  «Біздің колледжге 50 жыл» деп жазады. Түсінгеніміз бойынша  өнер адамдары оқу ордасының мерейтойына арналған кеште жүрген сияқты.

Жазира

Бұл туралы  STAN.KZ хабарлайды. Міне осы суретті көрген азаматтар  «КешYOU» тобының қыздарының киімі мен бет бояуы жайлы көптеген пікір қалдырған. Көпшілігі әнші қыздардың сыртқы көрінісі «қорқынышты» деген.

Ақмарал Құрманова есімді қолданушы «Сіз өте әдемісіз. Қасыңыздағы қыздардың киімі не? Оданда  іш киіммен шықпады ма сахнаға?» деген сұрақ қойған.

кешyou

«Жартылай жалаңаштар,бұндай әдемілік құрсын»,-деп жазады  Қошанов Мақсат есімді қолданушы.

Желі қолданушыларының бірі әнші қыздардың киімі “оқу ордасында ән айтуға келмейді”,- деп сынаған.

Тағы бір қолданушы « «КешYOU»  тобындағы сары шашты қыздың түрі қорқынышты екен» депті.

кешyou111

Мұндай негативті  пікірлер жас әншілердің басқа өнер адамы салған парақшада ғана кездеседі екен.  Өздерінің Инстаграмында әдеттегідей тек мақтаулар.

Талқылау