Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кешірім сұраймын: Алматыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан түрік жігіті қазақ тілінде үндеу жолдады (видео)

Алматыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне шабуыл жасап, соққыға жыққан Түркия азаматы қазақстандықтарға видеоүндеу жолдады. Өз сөзінде 28 жастағы Әли Демир көпшіліктен кешірім сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кешірім сұраймын: Алматыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан түрік жігіті қазақ тілінде үндеу жолдады (видео)

Демирдің айтуынша, оның Қазақстанда тұрып жатқанына 7 жыл болған. Оның әйелі мен қызы да Қазақстан азаматтары екен. Ал қазақстандықтарға жолдаған үндеуінде ол қазақ тілінде сөйледі.

«Қазақстан халқынан мені түсінуін өтінемін. Осындай жағдай кез-келген адамның басына келуі мүмкін. Мен – біреудің жолдасымын, бір баланы әкесімін. Бес айлық қызым бар. Олар – Қазақстан азаматы. Менің жұмысым Қазақстанда», – дейді Түркия азаматы.

Сонымен қатар Әли Демир өз басына түскен жағдай үшін өз отбасының қиналғанын қаламайтынын жеткізді.

«Менің жағдайым үшін отбасым қиналғанын қаламаймын. Сол үшін сіздерден отбасым үшін, қызым үшін мені түсінулеріңізді қатты өтінемін. Қазақстан халқынан және жедел жәрдем жүргізушісі Николай Кучмадан тағы да шын жүректен кешірім сұраймын», – дейді Әли Демир.

Естеріңізге сала кетсек, 18 қыркүйекте Алматыда түрік жігіті егде жастағы жедел жәрдем жүргізушісін ұрып тастаған еді. Артынша жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Ал қамауға алынған Али Демирдің кепілмен босталығаны белгілі болды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау