Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кешірім сұрасын: Қалқаман Сарин хакім Абайға тіл тигізген блогерге жауап берді

Танымал ақын  Қалқаман Сарин хакім Абайды «ұлы адам деп мойындамайтынын» айтқан блогер Нұрлан Байділдаға жауап берді. Ақынның сөзінше, тек ел ісіне араласып би-болыс болғанынан бейхабар адам ғана қазақтың бас ақыны туралы осылай айта алады, деп жазады Stan.kz.

Кешірім сұрасын: Қалқаман Сарин хакім Абайға тіл тигізген блогерге жауап берді

Өз кезегінде Қалқаман Сарин ұлы Абайға тіл тигізген блогерді сынға алды.

«Ол біздің заманымызда жай ғана блогер болар еді», – депті мына мәңгүрт. Бұл кемеңгер бабамыздың кемел шығармармаларын оқымаған оңбағанның сөзі. Бұл данышпан бабамыздың ел ісіне араласып би-болыс болғанынан бейхабар бейбақтың сөзі.

Сен өзің хәкім Абайдың заманында өмір сүрсең кім болар едің? Ойлаудың өзі қорқынышты…

АБАЙ – қазақтың ақыл ойы. АБАЙ – қазақтың ар-намысы. АБАЙ – қазақтың өзі», – деп жазды Қалқаман Сарин Instagram желісіндегі парақшасында.

Сондай-ақ, ақын Нұрлан Байділдадан ұлт ұжданына тіл тигізгені үшін айыбын мойындап, алты алаштың баласынан кешірім сұрауын талап етті.

Айта кетсек, блогер, тендер жөніндегі сарапшы Нұрлан Байділданың Абай Құнанбаевқа қатысты айтқан пікірі көптің ойын сан-саққа кетіріп, наразылығын тудырды. Ол Абайды «ұлы адам деп мойындамайтынын» жазған.


Қалқаман Сарин: Ақынның 5 үздік өлеңі >>>

Талқылау