Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрлан Байділдә: Абайды ұлы адам деп санамаймын

Желіде тарап кеткен Нұрлан Байділданың Абай Құнанбаевқа қатысты айтқан пікірі көптің ойын сан-саққа кетірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Нұрлан Байділда: Абайды ұлы адам деп санамаймын

«Қазақ халқының ұлы ғұламаларынан кімді білесің? Көбі бұл сұраққа «Абай Құнанбаев» деп жауап береді. Ол көбіне қазақ ұлтының үлгілі тұлғасы болып саналады және барлығы соған еліктегісі келеді. Шынымды айтсам, мен бұған келіспеймін. Мен оны ұлы адам деп санамаймын және оның бүгінгі қоғамда алып отырған орнын мойындамаймын. Алдымен, оған мұндай жоғары дәреженің не үшін берілгенін анықтап алайық. Ол не істеді? Қиын заманда артынан адамдарды ертіп жүрді ме, әлде оларды құтқарды ма? Батыр болды ма, әлде жерлерді жаулап алды ма? Халықты басқарып, олардың жағдайын көтерді ме? Ол тіпті бір ауылды да басқармаған. Мен оны ұлы адам деп танымаймын. Абай жай ғана жақсы адам. Ақылды ойлар жазғаннан басқа ештеңе істемеген. Егер Абай біздің заманда өмір сүрсе, ары кетсе атақты блогер ғана болар еді», – деп айтқан Нұрлан Байділдә.

Бұл сөзі көпшіліктің ашуына тиіп, желі қолданушылары Абайды қалай құрметтейтінін жарыса айтып жатыр. Олардың бірі: «Абай-қазақтың ұлы ақыны, бас ақыны, қазақтың өзі, ар-намысы. Ал Абай атамызға тіл тигізетін, ұлы қазақ екендігін, ұлы ұлт көшбасшысы екендігін жоққа шығаратын мəңгүртті надан əрі адам болудан қалған мақлұқ дер едім. Өйткені мұндай надан адамдар біздің ұлттық болмысымыздың қағидаларына кері əсерін тигізеді. Абай атамыз «айтылған сөзді ұқпайтын адамнан күнде жеңілемін» деп бекер айтпаған. Ал Абай атамыз халқымыздың жүрегінде Ұлы ақын, ұлы кемеңгер, ҰЛЫ АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ ретінде мəңгі қалады. Бұл тіл тигізген блогер сымақ соны есінде сақтап, ұғынсын. Ал айтылған ойды ұғынбаса, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі», – деп пікір қалдырған.

Тіпті Нұрланға «алдымен өзінің ана тілін үйреніп ал» деп ашуға булыққандар «қазақта кім қандай орынға лайық соған баға беретін кім бірінші ана тілінде сойлеп алсын. Тілін білмеген ол қазақ емес», – деп жазады.

Абайды қорлады деген ұлттық-патриоттарымыз: «Дұрыс бопты. Өткен бабаларымызды жоққа шығарып, біреуін ұлы емес, біреуін маскүнем болған деп шуылдатып жатқан Надан қазақ. Өзге ұлтқа күлкі бол, бір біріңді жаманда. Сорлы қазағым ай, қалай ел боламыз», – деп ұлтымыздың намысын қорғауда.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау